A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе!  Мен Оразмағанбетова Айнұр Отарбай қызы  мерзімсізге, өмірлікке тағайындалған  1 топ мүгедегімін. Маған мемлекет тарапынан жылына 480 дана  міндетті гигиеналық құралдар ( памперс ) беріледі. Айына 40 дана памперс беріледі. 1 айда орташа  30 күн бар деп есептегенде, мүгедекке бір күнге ( 40 дана памперс : 30 күн ) = 1, 33 памперстен тиісті болады екен.

Жауап: 

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысына сәйкес қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.  

Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға белгіленген мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана; 2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана;  3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана. 

Осыған байланысты I және II топтағы мүгедек адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жергілікті жердің атқарушы органдарымен белгіленген мірізіміне  байланысты жүзеге  асырылады, бұдан басқа  протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитеті сарапшысы Ирахметов Самат

Сұрақтың нөмірі: 303981
27 наурыз, 2014 - 12:03 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! Менің қызыма туылғаннан кейін "Врожденный вывих обеих

Жауап: 

Заңға сәйкес медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, диагнозы белгіленген сәттен бастап медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді.

 Сіздің толық диагнозыңыз, мекен жайыңыз, функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі туралы толық мәліметтер болмағандықтан сараптамалық қорытындысының дұрыстығын  анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

Көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және       әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.          

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің       Бақылау     және     әлеуметтік     қорғау            Комитетінің  Бас сарапшысы Сәрсембаева Қ.Ж.

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 303895
14 наурыз, 2014 - 12:41 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба.2013 жылдың желтоқсан айында төрт жастағы балам ауырып бауырында эхонокок бар деп ота жасалды.дәрігерлердің айтуынша балама аліде күтім қажет.

Жауап: 

Сіздің сұрағыңыз бойынша келесіні хабарлаймыз: бүгінгі күні, қолданылып отырған Заң бойынша  аз қамтылған азаматтарға кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады (негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек  туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі  № 246 Заңы).

Сонымен бірге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны белгіленген азық-түлік себетінің құнынан отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы төмен болған жағдайда алуға құқылысыз. Жәрдемақының мөлшері әр балаға 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды. (негіздеме: «Қазақстан Республикасындағы балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 28 маусымдағы №63-ІІІ Заңы).

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған байланысты коммуналдық төлемдер, газ, электроэнергия қызметтерін және бұдан басқа материалдық көмек  көрсетуге құқылы (негіздеме: «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» Қазақстан  Республикасының   Заңы).

Осы мәселермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімшілікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына хабарласуыңызға болады.

Орын. БӘҚК сарапшы Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 303790
18 наурыз, 2014 - 12:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! есимим Даметкен Жанбыровна

Мен Батыс Қазахстан облысынан болам дүниеге келгеннен мүгедек 31 жаста қызым бар, соған байланысты бірнеше сұрағым бар;

 

1)    Памперс аламыз айына 40 штук, сапасы мүлдем жоқтың қасы, ескерту жасағанда тендрдан қандай ойналад сондай береміз деп жауап қайтарады, сапасын дұрыстауға боладыма екен?

2)     Коляска аламыз 4 жылда 1 рет оның да сапасы нашар 1 жыл ішінде сынып дөңгелектері жарылып шыга келеді, колясканың да сапасын карастыруға боладыма?

Жауап: 

Сіздің көтеріп отырған сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататындықтан, өтінішіңіз Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне (2014 жылдың 27 ақпандағы №13-5-1-8/684-И хат) жолданды.

Нәтижесі туралы Сізге хабарлау сұралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитеті сарапшысы Ирахметов Самат 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 302978
3 наурыз, 2014 - 17:32 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Мен сіздерге өзім шешімін таба алмаған бір сұрақты қойсам деп едім. Менің әпкем Ибрагимова Айнур Рабиловна күйеуі Шайдаров Алжанмен сот арқылы заңды түрде ажырасқан болатын. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының аудандық соты неке заңды түрде бұзылғаннан кейін, әпкемнің қолында қалған төрт қызға Шайдаров Алжаннан алимент өндіру туралы шешім шығарып берген болатын. Бірақ қазіргі таңда Шайдаров Алжан еш жерде жұмыс істемейтін болғандықтан, соттың бұл шешімі жүзеге асырылмай отыр. Әпкем еден жуушы болып 0,5 штатпен жұмыс істейді. Айлық жалақысы 17998теңге.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

            Алиментке қатысты ақпарат.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес, алиментті қарау тәртібі сот органдары арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «атқарушылық іс-жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес алимент төлеу атқарушылық құжатта көрсетілген мерзім аяқталғанша жүзеге асырылады деп көрсетілген.

Осыған орай, алимент жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша сот орындаушыларына жолығуыңызға болады.

Жәрдемақыға қатысты ақпарат.

Бүгінгі күні, «Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

Орын: Елдесов А.

Сұрақ тақырыбы: 

Қала, ауыл, елді мекендерде тұратын мүгедектердің ішінен еңбекке қабілеттілерін, жұмыс істейтіндерін немесе жұмыссыз екендігін кім анықтау керек? Бұл мәліметті менімше барлық кәсіпорын, ұйымнан, мекемеден оларда жұмыс істейтін мүгедектер санын сұрату арқылы немесе баспасөз құралдарына хабарландыру жариялау арқылы анықтау тиіс сияқты. Осы мәселенің түйінін шешіп берсеңіздер. Рахмет.

Жауап: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 302333
20 ақпан, 2014 - 12:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе! 1 - топ мүгедегіне ипр бойынша берілген ортопедиялық аяқ киім  және туторды алар мезгілде, сол көрсетілген тутор мен ортопедиялық аяқ киімді өлшетіп дайындауға, өзге қалаға барған кездегі таксиге, самолет билетіне шыққан ақшаны мемлекет тарапынан өндіріп береді ме? 1 - топ мүгедегіне ипр бойынша  жылына бір рет берілетін, өзге қаладағы  санаториялық курорттық жолдама бойынша ем қабылдарда таксиге, самолет билеттеріне шыққан ақшаны мемлекет тарапынан өндіріп береді ме? Жол шығындарына шыққан ақшаны өндіртіп алу үшін, мен қандай құжаттарды толтырып, тапсыруым қажет.

Жауап: 

Қойылған сұрақтарға нақты жауап беру үшін Сіздің аты-жөңіңіз қажет. Сонымен бірге, Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін жергілікты атқарушы органдарға  отініш жазуға болады.

Сұрақтың нөмірі: 301600
28 қаңтар, 2014 - 19:22 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Мен Астанада тұрамын. Жасым 16да. Осы кезге дейін мен мүгедек екенімді білген жоқпын. Менің бір жауырыным бір жауырынымнан жоғары тұрады,жауырыным омыртқама жабысып қалған. 2012 жылы ана мен балаға ота жасатқым келіп,медициналық қаралудан өттім. Сол кезде менің жүрегімде туғаннан  тесік бар екенін кардиологтар анықтады. Сол себепті маған тез арада ота жасатты.Ота жасағаннан кейін мені МСЭК-ке жіберді. МСЭК мені иығыма және жүрегіме байланысты мүгедек екенімді анықтады. Маған туғаннан мүгедек деген анықтама берді.

Жауап: 

Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін медициналық-әлеуметтік сараптамаға  жібереді.  Мүгедектікті белгілеу медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі бойынша жүргізіледі.

Сіздің толық диагнозыңыз, функционалдық бұзылушылықтар және тіршiлiк-тынысының шектелуі туралы толық мәліметтер болмағандықтан сараптамалық қорытындысының дұрыстығын  анықтауға мүмкіндік болмай отыр.

            Көтеріп отырған сұрағыңыз    бойынша     жергілікті Бақылау       және       әлеуметтік қорғау Департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінде кеңес алуыңызға болатындығын хабарлаймыз.

 

Главный эксперт Сарсембаева К.Ж.                

 

Сұрақтың нөмірі: 300865
18 қаңтар, 2014 - 13:49 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?! Менің қояр сұрағым, желтоқсанның 24-күні декретке шығуыма байланысты, зейнетақы төлеу орталығына құжаттарымды өткіздім. Дородовой алу үшін. Менің ақшам қашан және қанша түседі? Мен естігем министрлікте, департаментте отырғандар өз таныстарының құжаттарын тез қарап 2 апта ішінде қаржылары түседі екен, басқа қарапайым халықтыкі ай өткен соң ғана түседі деп, осындай жиіркенішті істерді қашан қоясыздар. Менің аты-жөнім Гүлден Жандильдинова. Жезқазған қаласынан

Жауап: 

                               Құрметті Гүлден Ғалымжанқызы!

 

           Сәлеметсіз бе! Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайларда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындауға             2013 жылғы 24 желтоқсанда жүгіндіңіз, сол күні құжаттарыңыз әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган – Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментіне жіберілді. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi №405 Заңының           20 - бабы 3 - тармағына сәйкес әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарайды және әлеуметтiк төлемдер тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім ЗТМО бөлімшесіне келіп түскен соң, әлеуметтік төлем жүзеге асырылады.          

         Мәлімет ретінде, әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы ақпарат құпия болып табылады, осыған байланысты, оны сайтта орналастыру мүмкін емес.

Орындаған:М. Дангилова

Сұрақтың нөмірі: 300290
16 қаңтар, 2014 - 11:56 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ұлым 2,5жаста (19.03.2011ж) диагноз: гидронефроз. Бүйрегіне 2 рет ота жасалуына байланысты мүгедектік рәсімдеуге бола ма? Бірінші ота 22.11.2013жылы болған, екінші ота 13.12.2013ж жасалды 20.12.2013ж ауруханадан шыққан болатынбыз. Дәл қазыр құжаттар дайындауға бола ма, әлде келесі жылға қалып қалдық па? Құжат рәсімделетін болса, балаға қандай көмек көрсетіледі. Назарыңызға рахмет. Тараз қаласы, баланың әкесі Бәкенов Жарылқасын Қуанарұлы!

Жауап: 

Мүгедектікті белгілеу, медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының организм функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру мақсатында берген жолдамасы негізінде (088/у нысанды жолдама) медициналық-әлеуметтік сараптама  (бұдан әрі – МӘС) жүргізу жолымен жүзеге асырылады

(негіз: ҚР Үкіметінің  2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже).

        Ереже талаптарына сәйкес, медициналық ұйымдар ауруға, диагнозы белгіленген сәттен бастап емдеу, оңалту іс-шараларын жүргізген соң, көрсетпе болған жағдайда  кемінде төрт айдан кейін  МӘС-ға жібереді.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіз тұратын жеріңіздегі емдеу мекемесіне жолығуыңыз қажет.

 

 

         Эксперт: Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 299614
27 желтоқсан, 2013 - 11:48 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші