A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсизбе! менин есимим Даметкен Батыс Казахстан облысынан.

Менин кызым дуниеге келгели 1ши топ мугедеги, мине 30 жыл болды озим багып келемин. Зейнетакысынан баска ешкандай комек алып кормедим. маган багып отканыма алуметтик комек берилу тииспа? мугедектер кунинде  еш назарсыз каламыз бурын концертке шакырып, не келип куттыктап кететин еди.

Рахмет

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге және мүгедек-балаларға медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі (негізі: «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы  20 шілдедегі  № 754 қаулысы).

Бұдан басқа облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген (негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

Осыған байланысты, санаторлық-курорттық жолдамалар беру, коммуналдық төлемдер (газ, электроэнергия т.б.) қызметтерін көрсету және мерекелік күндер шеңберінде концерттік бағдарламаларға шақыру, сонымен қатар материалдық көмек көрсету жергілікті атқарушы органдар арқылы жүргізіледі.

Сондықтан, бұл мәселе жөнінде Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжай бойынша Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

Нұриденова Л

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 268515
4 ақпан, 2013 - 09:11 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме?! Менің шешем 7 баланың анасы, "Алтын алқа" иегері. Балаларының бәрі кәмелет жасына толған, жұмыс істейді, жетінші баласы студент 25 жаста. Ол кісінің "Алтын алқа" иегері ретінде әлеуметтік көмек алуға құқығы бар ма? Рахмет!

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, әрбір аймақта жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің әр түрлерін ұсынады: коммуналдық қызметттерін төлеу, отын ұсыну, біржолғы материалдық көмек, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, санаторлық-курорттық емделу және тағы да басқалары.

Осы аталған мәселелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

Орынд: Айдарова Г.

 

 

Сұрақтың нөмірі: 268240
14 қаңтар, 2013 - 09:59 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Дархан Қамзабекұлы! Сізден сурайын дегенім, менің 3 балам бар, казіргі уакытта мен декреттік демалыстамын,  енди таяу арада балам 1 жаска толады, алатын ай сайынгы толем акы токтатылады, ал менин жолдасымнын алатын айлыгы 55000 тенгені курайды, укимет  тарапынан косымша толенетин кандай жардемакы кызмет тури бар?

Жауап: 

Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 618 теңгені құрайды.

Бұдан басқа белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептейді.

Сонымен бірге, тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқару органдары белгілейді.

         Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Бұл мәселе жөнінде Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуларыңызға  болады.

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитетінің  сарапшысы Ирахметов Самат

 

Сұрақтың нөмірі: 267137
21 желтоқсан, 2012 - 16:13 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 Сәлеметсіздер ме, мен -Динара Берікқызы ( Алматы қаласындағы ҚРМУ-нің 7курс студентімін) 1 топ мүгедектерінің құқығын білейін деп жазып отырмын.... ,Әкем- Аралбеков Берік 60жаста, 38 жыл бұрын көлік апатына ұшырап,содан 1 мойын омыртқасынан зақым алып, төменгі бөлігі парезге ұшырап 1 топ мүгедегі болды. Әкем Жамбыл облысы , Талас ауданы, Ақкөл ауылының тұрғыны, балдақпен жүретін, әкімшілік тарапынан көмектер болады деген соң, анам Талас ауданының орталығы Қаратау қаласына барып мугедектерге арналған арба ( коляска) сураған. Олардан көмек болмаған соң өзіміз сатып алдық.

Жауап: 

Жергiлiктi атқарушы органдар жергілікті бюджет есебінен, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң, мүгедек балалардың шипажайға емделуiн қамтамасыз етедi, оларға қайырымдылық және әлеуметтiк көмектiң көрсетiлуiн үйлестiредi (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

Осыған орай, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жолдамаларды алу мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен жүргізіледі.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтері медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

Осыған орай I топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету тәртібі жергілікті өкілетті органдармен атқарылады.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзiмiне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына соның ішінде І, ІІ топ мүгедектерінің пайдалануына берiледi.

Осыған орай, Сізге бірінші сұрағыңыз бойынша тұрғылықты жеріңіз бойынша Жабыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына және әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

 

Нұриденова Л

Сұрақтың нөмірі: 266531
14 желтоқсан, 2012 - 14:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе? 2011 жылы  Жезқазған қаласында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың мүмкіндіктерін кеңейту, сонымен қатар қабілеттерін дамыту мақсатында мүгедек балаларға арналған бала-бақша ашылды. Осы бала-бақша мемлекет қарамағында болып, Үкімет тарапынан қаржыландырылады ма, әлде жеке бала-бақша ретінде есептелінеді ме?

Жауап: 

Сіздің қойып отырған сұрағыңыз жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сондықтан, тиесілі бойынша жергілікті жеріңіздегі Әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 266289
21 қараша, 2012 - 15:49 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Менің мүгедектігім бала кезден  қазіргі уақытта II - топ мүгедегімін.

Қазіргі диагнозым: Хранический остеомелит, ампутация культи левого бедра. Культя 8 - см.

Кейін келе 2010 жылдан бастап мына диагноз косылды "Посттравматическая культи в/з левой бедренной кости. Посттравматическая перфорация вертлужной впадины, с  виедрением головки бедренной кости в полость малого таза"

Жауап: 

         Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2005 жылғы    20 шілдедегі  № 750 қаулысымен бекітілген Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің  3-қосымшасының,     3-тармағының, 3-тармақшасына  сәйкес, аяқ-қолдың келтелері 3-топ мерзімсіз белгіленетін анатомиялық кемістіктер тізіміне жатады. Осыған орай, Сізге 3-топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленуі қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді.

         Егер протездеуші маман  Сізге  протез  киюге қарсы көрсетпе бар деп тапса, Сізге аяғыңыздың  протездеуге келмейтіндігі жөнінде қорытынды беруі тиіс.

        

 

 

 

        Сарапшы:  Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 263321
29 қазан, 2012 - 09:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме? Бала жасқа толғаншы берілетін жөргек ақы 12 айға толық беріле ме? Әлде бір реттік жәрдем ақы мен 11 айдың төлемі ғана ма? Атап айтқанда қазіргі жәрдемақы мөлшері бойынша мен бір жылда48540+(10517*12)=174744 теңге (екінші бала үшін) ме, әлде 48540+(10517*11)=164227 теңге жәрдем ақы аламын ба? Жан-жақты әрі нақты жауап күтемін. Егер мен жәрдемақымды толық ала алмаған болсам, қайда, кімге, қалай шағымдана аламын?

Жауап: 

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар (бала тууына  байланысты  тағайындалатын  біржолғы  мемлекеттік  жәрдемақы, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы) Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңымен реттеледі (әрі қарай - Заң).

Заңның 4 бабына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы;

 Осы Заңның 10 бабына сәйкес жәрдемақылар мөлшері 2012 жылы  тиісінше:

1. Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы - 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) немесе 48 540 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 50 АЕК немесе 80 900 теңге.

2. бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын жағдайда (жұмыс істемейтін) бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы:

  бірінші балаға – 5,5 АЕК немесе 8 899 теңге;

  екінші балаға - 6,5 АЕК немесе  10 517 теңге;

  үшінші балаға – 7,5 АЕК немесе 12 135 теңге;

  төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,5 АЕК немесе 13 753 теңге;

Баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайда (жұмыс істейтін) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес тағайындалатын бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі – ӘТбк) мөлшері бала туылған күнге дейінгі соңғы 24 айдағы Қорға түскен әлеуметтік аударымдардың негізінде есептеліп (әлеуметтік аударымдарды төлеудегі үзілістерге қарамастан), орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.

Сізге аталған төлемнің тағайындалуы туралы толық  мәлімет алу үшін, тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына немесе Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментіне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

исп: Ергеш Е.     

Сұрақтың нөмірі: 262595
29 қазан, 2012 - 17:07 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Құрметті Серік Сатыбалдыұлы!

Жаңа қызметіңізге табыс тілейміз. Елдің , халықтың құрметіне ие болыңыз.

Осы арызым арқылы Сізге төмендегі жағдайды білдіремін:

Менің жолдасым Арапбаев Серикбай 06.04.1955 жылы туылған, Қызылорда қаласы, «Қызылорда оңтүстік жылу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында  (Кызылорда южтеплоцентр) слесарь-жөндеуші болып жұмыс атқарады.

Жауап: 

 Сізідің қойып отырған сұрағыңыз бойынша, "Еңбек құқығы және жұмыспен қамту мәселелері"  бөліміне хабарласу қажет.

Сұрақ тақырыбы: 

сәлеметсіздер ме? Мен Бейсембаев Нурлан 1984 жылы бұрынғы Семей облысы   Шар елді мекенінде дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алматы қаласы, "Зета" жиһаз жасау өндірістік компаниясында жүк тасу Камаз жүргізушісімін. Полигон аймағынан келген азаматтарға қандай көмек, жағдай жасалады, жасалса қандай документтерді жинауым керек? Пропискам Шар қаласында. Рахмет сіздерге. 

Жауап: 

Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған және тұратын азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы төленеді (негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының  1992 жылғы 18 желтоқсандағы  № 1787 Заңны  (бұдан әрі - Заң)  12 бабы).

Бұл төлем бір жолғы, яғни ақшалай өтемақы бір рет қана беріледі, осы аталған өтемақыны алу үшін, тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуыңызға болады.

Сонымен қатар, Заңның 13-бабына сәйкес еңбегіне қосымша ақы алуға, жыл сайынғы  ақылы  демалысты пайдалануға  Семей полигоны  аумағында  қазіргі уақытта тұратын азаматтар құқылы.

Бұл аумақтан  қоныс аударған  азаматтарға жоғарыда аталған  жеңілдіктер қолданылмайды.

Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан  әкімдері  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» Қазақстан  Республикасының   Заңына  сәйкес  өз  құзыреті  шегінде азаматтардың  жекелеген  санаттарына  әлеуметтік  көмек  көрсетуге  құқылы.

Сондықтан, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына барғаныңыз жөн.

 

 

 

орынд. Бақылау  және әлеуметтік  қорғау  комитетінің  эксперті

Көшкімбекова Раушан Жанабайқызы 

 

Сұрақтың нөмірі: 262578
1 қараша, 2012 - 16:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба!Меним анам кант диабети.15 жылдан астам аурады.Казирги танда акем кайтыс болды,анам жумыс жасамайды.Уйде киши синилим бар,оган анам 11тг асыраушысынан айырылуна байланысты жардем акы алады.Анамнын жагдайы куннен кунге ауырлап барады канттын олшеми 25-27ти болып тур.Даригерлерге пенсияга шыгаруга усыныс жасасак-олар айтады пенсияга шыгу ушин ол адамнын бир мушеси кесилу керек дид.Сонда не адамды абден олуге 1куни калганда пенсияга шыгарама?Осы сурагымды карастырп берсениз.Рахмет.

Жауап: 

       «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінің» 32 тармағына сәйкес, мүгедектік - организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы мен тіршілiк-тынысының шектелуiнің  (адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүріп-тұру, қарым-қатынас жасау, өзінің мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiмен айналысу қабілетiнен толық немесе iшiнара айрылуы) негізінде белгіленеді.

       Ереженің 7 тармағына сәйкес - Медициналық ұйымдар ауруды анықтап, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, егер жүргізілгеннен емнен кейін нәтиже болмай аурудың асқынуы болса, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.

       Ал осы ереженің 8 тармағына сәйкес - Медициналық зерттеудің сапасы, адамдарды МӘС-ке жiберудiң уақтылылығы мен негізділігі үшiн жауапкершілік тиiсті медицина ұйымының басшысына жүктеледi деп көрсетілген.

          Сонымен қатар, Сіз анаңызбен, оның барлық медициналық құжаттарын алып тұратын жеріңіздегі бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптамасының бақылау және әдіснама бөліміне жолығып  толық мағлұмат алуыңызға болатынын хабарлаймыз.

        

 

 

 

        Сарапшы:  Кемерова А.Н.

Сұрақтың нөмірі: 260211
11 қыркүйек, 2012 - 09:36 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші