A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме,

Сіздерден төмендегі сұрақ бойынша шұғыл түрде жауап берулеріңізді сұраймын.

Қысқаша жағдайды түсіндіру:

Жауап: 

Құрметті Ұлдана Құралбайқызы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97-бабы 1 тармағына сәйкес еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Осылайша, жалақы сақталмайтын демалыс берілуі келісім бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 360741
22 мамыр, 2019 - 13:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе. Лаборант болып қызмет етіп жүрген қызметкер "медбике ісі" мамандығы бойынша бакалавр бітірді Ресйден, сосын "клиникалық зертқаналық диагностика" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Енді қазір таңда "сапаны бақылау менеджері" лауазымында қызмет атқарады. Оның еңбек ақысын қандай коэффицентпен төлейміз. Дәрігер немесе жоғары білімі бар орта буын қызметкері  ме? дәрігер болса. лаборант болып жасаған еңбек өтілі қысқартылып қалама?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген, оған сәйкес:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі менеджер С2 буыны бойынша;
- бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі менеджер С3 буыны бойынша анықталған.
Сонымен бірге жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сондай-ақ, егер Сіздің ұйымыңыз жеке ұйым (шаруашылық жүргізу құқығындағы МК, АҚ және т.б.) болып табылса, бұл жағдайда Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес анықталады.

Сұрақтың нөмірі: 360529
6 мамыр, 2019 - 19:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе!!! Маған мына мәселе бойынша толық әрі нақты жауап беріңіздерші, өтініш. Университет оқытушы декреттік демалыстан соң жұмысқа шыққанда оның 1 ставкасы сақтала ма? Әлде жұмыс беруші штаттың қысқаруы сылтауымен 0,25 ставкаға жұмысқа қабылдауы заңды ма? Жауаптарыңызға алдын ала рахмет!!!

Жауап: 

Қазақстан Республиксы Еңбек кодексінің 100-бабының 3 тармағына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Осылайша, жұмыскер декреттік жұмыстан шыққансоң бір ставкасы сақталады.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз.Мұғалімді директордың қандай жағдайда жұмыстан шығаруға құқығы бар

Жауап: 

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабында көзделген.

Сұрақтың нөмірі: 360166
29 сәуір, 2019 - 20:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! 2014-2018 жылдар аралыгында жумыс жасаган мекеме экологиялык коэффицентсыз айлык толеген. Алматы енбек департаменти тексермеди арызды. Калай ондирип алуга болады?

Жауап: 

Сәлеметсізбе, Айгерім! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.
Осы орайда, облыстың еңбек инспекциясы тарапынан шағымыңыздың қаралмауы мәселесіне қатысты Сізге жазбаша түрде облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторына шағымдану немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арыз жолдауыңыз қажет.
Жалпы түсініктеме ретінде, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабынан экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге берілетінін назарыңызға саламыз.
Демек, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 13-бабында көзделген коэффициенттер қолданылатын еңбекақы мен қосымша еңбек демалысы (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек Заңмен белгіленген аймақтарда жұмыс атқарып тұратын халыққа (зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан) беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 360149
4 мамыр, 2019 - 21:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе!  Мен мемлекеттік балабақшада 0,5ст есепші ретінде жұмыс істеймін. Декреттік демалыстан кейін жұмысқа шықтым. Менің 2 банктан өтелмеген кредитім бар. Енді сол банктер еңбекақы алатын карточка ашпай отыр. Кредитімді өтейтін жағдайым болмай тұр себебі алатын айлығым 30000тг ғана және 4 балам бар, куйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ көбінесе үйде бала қарайды. Менің сұрағым басқа адамға сенімхат беріп сол адамнын банк карточкасынан еңбекақымды алсам болама?

Жауап: 

ҚР Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Жұмыскер Кодекстің 22-бабына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар.
Жалақыны үшінші тұлғаға аударуы заңнамамен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Осыған орай, келісім бойынша жұмыскердің жалақысын аударуын оның арызын нотариалды растаумен жалақысын аударуын мерзімін көрсете жұмыс беруші үшінші тұлғаға аударуға құқылы.
Сонымен қатар, басқа жұмыскердің карточкалық есеп шотына жалақыны аударуы бойынша жауапкершілікке жол жоқ.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе, Жартылай мемлекеттік балапан бағдарламасымен жұмыс жасайтын ЖШС балабақшадағы тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі (завхоз)  еңбек өтелін қалай есептеуге болады?

1. Тәрбиешіге мектепте атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

2. Тәрбиеші көмекшісі басқа мемлекетте әр түрлі салада қызмет атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

3. Шаруашылық меңгерушісі (Завхоз) жалпы еңбек өтелін аламызба?

4.Екі топқа арналған балабақшаның меңгерушісі әдіскер қызметіни қосымша ақымен ала алама?

Жауап: 

Сіздің сұрауыңызда көрсетілген лауазымдарға жұмыс стажын есептегенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6340 болып енгізілді) Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен пайдалану қажет.
Көрсетілген ережеге сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
Осы мәселені еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссияға қарау ішн енгізу жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360054
8 мамыр, 2019 - 20:30 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе, Жартылай мемлекеттік балапан бағдарламасымен жұмыс жасайтын ЖШС балабақшадағы тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, шаруашылық меңгерушісі (завхоз)  еңбек өтелін қалай есептеуге болады?

1. Тәрбиешіге мектепте атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

2. Тәрбиеші көмекшісі басқа мемлекетте әр түрлі салада қызмет атқарған еңбек өтелі есептеледіме?

3. Шаруашылық меңгерушісі (Завхоз) жалпы еңбек өтелін аламызба?

4.Екі топқа арналған балабақшаның меңгерушісі әдіскер қызметіни қосымша ақымен ала алама?

Жауап: 

Сіздің сұрауыңызда көрсетілген лауазымдарға жұмыс стажын есептегенде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 302 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6340 болып енгізілді) Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiмен пайдалану қажет.
Көрсетілген ережеге сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
Осы мәселені еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссияға қарау ішн енгізу жөн.

Сұрақтың нөмірі: 360053
8 мамыр, 2019 - 20:29 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн, менің білгім келгені. Бізде жұмыста қысқарту жүріп жатыр. Қысқартауға ілігіп жатқан жұмысшылраға, жұмыс беруші Еңбек кодекісінің 133 бабымен кетіп жатыр. Арыз жаздырып өз еркімен кетіп жатыр. Мен егер қысқартуға түсер кезде сол 133 бабына келсім бермесем. Өз еркімен кетуге. Міндетті түрде қысқартумен кетсем қалай болад? Жұмыс беруші эканомикалық жағдайдың нашарлауына байланысты деп айтады. Бірақ акт ондай ештеңе толтырмайды. Жоғары соттың нормативтік қаулысы 6 қазан 2017 жылғы бойынша 13 бабы бойынша. Егер компанияның эконимакалық жағдайы нашарлаған болса.

Жауап: 

Сәлеметсізбе, Талғат! Жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексімен белгіленген талаптарды (қызметкерлер штаты немесе саны қысқартылатыны туралы бір ай бұрын алдын-ала ескерту, жұмыстан айырылуға қатысты өтемақы төлеу, заңнамамен белгіленген қызметкерлерді қысқартуға салынатын тыйымды ұстану) сақтай отырып, экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайда өз қызметкерлерінің санын қысқартуға, сонымен қатар қызметкерлердің еңбек жағдайларын (соның ішінде еңбекақы төлеу жағдайларын) өзгертуге құқылы. Аталған негіздеме бойынша еңбек шартының бұзылуы жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүргізілетіндіктен, жұмыскерлер оларды жұмыстан босату туралы арыздар жазбауға тиіс. Себебі мұндай жағдайда олар еңбек заңнамасымен жұмыстан қысқартылатын жұмыскерлер үшін көзделген жұмыстан айырылуы жәрдемақысын алу құқығына айырылады. Бұл ретте, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 2) (қызметкрелер санын немесе шатын қысқарту) және 4) тармақшаларында (аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі) көзделген негіздемелер бойынша бұзуға болмайды. Жұмыс берушіңіз тарапынан аталған нормалар сақталмаған жағдайда Сіздерге жұмыс берушінің әрекеттеріне жергілікті еңбек инспекциясы органына жазбаша шағымдану қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359920
2 мамыр, 2019 - 19:44 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы Сапарбаев мырзаға Мен, Дүзүмбетова Айгүл Мұратбайқызы, бүгінгі таңда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті тұрғынымын. Аудандық емхананың фтизиатр дәрігері қызметін атқарамын. Сізден уақытыңызды алғаным үшін кешірім сұрай отырып, төмендегі маған және менің жағдайымдағы азамттар мен азаматшалар үшін қажетті мәселенің нақты түйінін шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 127-1 бабына сәйкес экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының аумақтары экологиялық апат аймағына, Қызылорда облысының басқа аудандарының аумақтары экологиялық дағдарыс аймағына жатады.
Заңның 13-бабы 1-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
- экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5;
- экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3;
- экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы белгіленеді.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған экологиялық төлемді белгілеу кезінде, қызметкердің нақты жұмыс орны ескеріледі.
Осыған орай, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерге экологиялық төлем экологиялық дағдарыс аймағы бойынша, яғни 1,3 (30%) коэффициенті белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 359805
19 сәуір, 2019 - 16:21 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші