A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы Сапарбаев мырзаға Мен, Дүзүмбетова Айгүл Мұратбайқызы, бүгінгі таңда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті тұрғынымын. Аудандық емхананың фтизиатр дәрігері қызметін атқарамын. Сізден уақытыңызды алғаным үшін кешірім сұрай отырып, төмендегі маған және менің жағдайымдағы азамттар мен азаматшалар үшін қажетті мәселенің нақты түйінін шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 127-1 бабына сәйкес экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының аумақтары экологиялық апат аймағына, Қызылорда облысының басқа аудандарының аумақтары экологиялық дағдарыс аймағына жатады.
Заңның 13-бабы 1-тармағына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін:
- экологиялық апат аймағы бойынша - 1,5;
- экологиялық дағдарыс аймағы бойынша - 1,3;
- экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ бойынша - 1,2 коэффициентті қолдана отырып, еңбекке ақы белгіленеді.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған экологиялық төлемді белгілеу кезінде, қызметкердің нақты жұмыс орны ескеріледі.
Осыған орай, Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерге экологиялық төлем экологиялық дағдарыс аймағы бойынша, яғни 1,3 (30%) коэффициенті белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 359805
19 сәуір, 2019 - 16:21 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49-бабы 1-тармағының сәйкес еңбек шартын бұзу негіздерінің бірі, тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу болып табылады.
Еңбек шартын тараптардың келісімі бойынша бұзу тәртібі Кодекстің 50-бабында көзделген.
Сонымен қатар, еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша жұмыс берушінің осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамай, өтемақы төлемін алумен еңбек шартын бұзу құқығы көзделуі мүмкін, оның мөлшері еңбек шартында айқындалады.

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе? 

Менің сұрайын дегенім,  былтыр кузде алматы қаласында әкемді жедел жәрдем көлігі қағып қайтыс болды.  Біз отбасында екі ұл бір қыз.  Енді алдында бір кісі мамаға хабарласып документ жинаңыз сізге 2 миллион ақша шығады сақтандыру компаниясынан дейді.  Документ жинасаңыз болды ақшаны алып берем.  Жартысы маған жартысы сізге деді.  Енді сұрайын дегенім сол сақтандыру компаниясынан балаларынада заңды түрде ақша бөлінеме?

Жауап: 

Құрметті Берік Бахбергенович!

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 20-тарауымен «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» регламенттеледі.
Кодекстің 186-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмыскерлер денсаулығының еңбек міндеттерін орындауға байланысты зақымдануы не еңбекке қабілетсіздікке не қайтыс болуға әкеп соққан, жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша басқа да әрекеттер жасау, егер олар жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғаныш құралдарын дайындау және ретке келтіру және басқа да әрекеттер кезінде орын алған болса еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға ретінде есепке алуға жатады.
Сонымен бірге, Кодекстің 1-бабы 1-тармағы 47) тармақшасына сәйкес жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері.
Осыған байланысты, егер Сіздің әкеңіз еңбек қызметін атқару кезінде қайтыс болып ол еңбек қызметімен байланысты деп танылса онда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім) 940-бабының 1-тармағына сәйкес азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

Сұрақтың нөмірі: 359550
23 сәуір, 2019 - 18:58 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сізден келесі мәселелер бойынша түсінік беруіңізді  сұрайды.

Жауап: 

Құрметті Жақсат Қаманұлы!

Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және
бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Бұйрық).
Бұйрықтың 21-тармағына сәйкес Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлер, мерзім сайын, кемінде үш жылда бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтеді.
Кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымның мыналарды:
1) аудио-бейнетехникамен жабдықталған оқу сыныбын (меншікті немесе жалға алынған);
2) тестілеу үшін компьютерлерді;
3) оқытудың әртүрлі тақырыптары бойынша көрнекі құралдарды;
4) оқу-әдістемелік материалдарды (мерзімді басылымдар) қамтитын материалдық-техникалық базасы болуға тиіс.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге басшы және жауапты қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі оқу бағдарламаларын оқу орталығы бекітеді, олар экономика салаларындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық оқытуды көздейді және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органмен келісіледі (Бұйрықтың 22-тармағы).
Осыған байланысты, Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімдерін тексеруді жүзеге асыратын ұйымдар жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Алайда, Бұйрықта емтихан комиссияның қатысуынсыз еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімдерін тексеруді онлайн режимде өткізу қарастырылмаған.
Сонымен бірге, бүгінгі күні Министрлікпен норма шығармашылығы қызметi аясында жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелері бойынша онлайн режимде оқыту және білімдерін тексеруді өткізу қаралып жатқандығын қосымша атап өтеміз.

Сұрақтың нөмірі: 359424
15 сәуір, 2019 - 18:57 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе!

Менің сұрағым бар  еді Еңбек шарты туралы.

Мен ЖШС Кен-Сары мекемесінде жұмыс жасаймын 6 жылдан бері, Осы 2019 ж қаңтар айынан бастап жалақы көтереміз деп Менің Еңбек шартыма Қосымша келісім (доп.соглашение) жасап мынадай тармақ қосып қойды: 

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Мөлдір! Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартына өзгерістер енгізу оған екі тараптың да келісім беруін көздейді.
Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі ҚР Еңбек кодексінің 33-бабымен көзделеді.
Аталған баптың 1-тармағына сәйкес еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
Еңбек шартына, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жүзеге асырады.
Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы хабарламаны еңбек шарты тараптарының бірі береді және екінші тарап оны берілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Еңбек шартының талаптарын өзгерту, оның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру кезінде өзгерту туралы хабарлама алған тарап қабылданған шешім туралы осы бапта белгіленген мерзімде екінші тарапқа хабарлауға міндетті.
Жоғарыда айтылғанға орай, тараптар осы өзгерістер енгізілген қосымша келісімге қол қойған болса, ол тараптардың оған келісімін бергенін білдіреді.
Дегенмен, еңбек шартына өзгерістер енгізудің жоғарыда көрсетілген тәртібі сақталмаған жағдайда жұмыскерлерге жергілікті еңбек инспекциясы органдарына шағымдану қажет.

Сұрақтың нөмірі: 359385
17 сәуір, 2019 - 12:27 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып жүрген қызметкерге 2019 жылдың 28 ақпанынан бастап Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 70 % белгіленіп, бір жылға 2-ші топтағы мүгедектік тағайындалды. Осы қызметкерді жұмыс беруші сол лауазымда қалдырып, тек мүгедекке берілетін кепілдіктерді толық сақталса заңды ма? Себебі жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамада еңбек шартын тоқтату немесе басқа жұмысқа ауыстыру сияқты негіздеме жоқ.

Жауап: 

Сәлеметсіз бе, Арай! ҚР Еңбек кодексінің 52-б. 1-т. 6)-т. сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін болғызбайтын денсаулық жағдайының салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін делінген.
Демек, бұл негіздеме бойынша аталған жұмыскермен еңбек шартын бұзу не бұзбау мәселесін жұмыс беруші дербес шешеді.
Ал жалпы, аталған негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмыстарына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен медициналық қорытындымен расталуы тиіс.
Бұл ретте, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №321 бұйрығымен бекітілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеге сәйкес медициналық қорытныдыны (№907 Бұйрықпен бекітілген №035-1/у нысаны бойынша) дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) береді деп көрсетілген.
Медициналық қорытындыда өзге деректермен қатар пациентті басқа жұмысқа ауыстыру үшін оның денсаулығының жағдайы туралы деректер көрсетіледі.
Осы орайда, бұл қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігі мәселесі бойынша Сіздерге аталған қызметкер емделген (зерттелген) медициналық мекемеге жүгінуді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 359004
29 наурыз, 2019 - 19:34 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Спорт мекетебі директорының еңбек өтілін есептеген жағдайда жаттықтырушы кызметін атқарған уақыты қосылады ма? Қандай нормативтік құжатты негізге аламыз?

Жауап: 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4 тармағы 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар экономиканың тиісті қызмет түрлері ойынша сол салалардағы ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережелерін әзірлеуі және бекітуі тиіс.
Осыған байланысты, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес түсініктеме алу үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358658
27 ақпан, 2019 - 18:10 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

          2013-2015 жылы бала күтіміне байланысты алған демалысым аяқталып, 1.09.2015 жылдан бастап мектепте  мұғалім болып жұмыс жасаймын. 2017-2018 оқу жылындағы 1.06.2018-26.07.2018 жж. аралығындағы тиісті еңбек демалысын алдым. 26.07.2018-1.10.2018 жж. жұмыс жасап, 1.10.2018 -4.02.2019 дейін (126 күнтізбелік күн) жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалысқа шықтым. Одан кейін 4.02.2019 ж жұмысқа барып, тиісті кезекті еңбек демалысына өтініш бердім. Осыған орай, қояр сауалым тиісті еңбек демалысымның ұзақтығы неше күн?

Жауап: 

Құрметті Жангүл Сабырқызы! ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алуға құқылы, ал жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын жұмыскерге беруге міндетті.
Аталған құқықтар мен міндеттер жұмыкерде жыл сайынғы еңбек демалысын алуға құқық беретін еңбек стажының болуы жағдайында туындайды.
Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Дегенмен, Кодекс жұмыс берушіге жұмыскерге еңбек демалысын онда жұмыс стажының толық емес болуы жағдайында да беру құқығын көздейді.
Кодекстің 92-б. 1-т. сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірінші және екінші жұмыс жылдары үшін тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін (Кодекстің 92-б. 3-т.).
Кодекстің 93-бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезектілігі жұмыс беруші жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, бекітетін демалыстар кестесімен белгіленеді немесе тараптардың келісімімен айқындалады.
Жоғарыда айтылғанға орай:
- еңбек демалысын беруге қажетті еңбек стажы барлар үшін еңбек демалысы толығымен беріледі, егер жұмыскердің өзі оны бөліп алуды қаламайтын болса;
- егер жұмыскерде еңбек стажы болмаса немесе ол 12 айдан кем болса, жұмыскердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыскерге жыл сайынғы еңбек демалысы аванспен толықтай бнемесе нақты атқарылған жұмысқа бара бар түрде еңбек демалысының бір бөлігі берілуі мүмкін.
Бұл ретте, ҚР Еңбек кодексінен сәйкес, жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Педагог қызметкерлердің еңбегі ҚР «Білім туралы» Заңымен реттеледі. Аталған Заңның 53-бабына сәйкес орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.

Сұрақ тақырыбы: 

Қайырлы күн!

2015 жылы бакалавр, 2017 жылы магистр дәрежесі бойынша ЖОО орнын бітірдім. Қазіргі таңда, Ғылыми Зерттеу Институтында 2017 жылдың тамыз айынан бастап Инженер- Ғалым хатшы көмекшісі қызметін атқарып келемін. Жалпы Институт зертханасына  2016 жылы қыркүйек айында қабылдандым.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген.
Сонымен бірге, аталған Бұйрықтың әзірлеушісі және білім және ғылым саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.
Егер Сіздің ұйымыңыз мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын болып табылмаса, бұл жағдайда Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес анықталады.

Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Мәдина Ерасылқызы! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік көмектер көрсету стандартын бекіту туралы" №1079 бұйрығының (бұдан әрі-бұйрық) 3-қосымшасымен уақытша болу және тұру ұйымындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтері белгіленген.

Жауап: 

Штаттық персоналды қалыптастыру, қосымша мамандарды, сондай-ақ ең аз штаттық нормативтеріне кірмеген мамандарды (әдіскер, бөлімше меңгерушісі) тарту мәселелері Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының (ҚР ДСӘДМ 21.12.2016 жылғы № 1079 бұйрығы) 22-тармағымен регламенттелген. Оған сәйкес уақытша болу және тұру ұйымы персоналының штаттық нормативтері көрсетілген стандартқа 3-қосымшада белгіленген уақытша болу және тұру ұйымдарындағы персоналдың ең төменгі штаттық нормативтерін сақтау арқылы бюджеттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып қалыптастырылады.

Сұрақтың нөмірі: 358434
27 ақпан, 2019 - 18:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші