A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 

демалыстар кестесі туралы

Жауап: 

Құрметті Нұрбек! Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 93-бабына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді. Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі. Және демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Кодекстің 23-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті. Осыған сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге демалыс кестесіне байланысты еңбек демалысына жіберу туралы бұйрық шығарып, жұмыскерді демалыс беруге байланысты бұйрықпен таныстыруға міндетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану бойынша жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер еңбек дауға жатады. Осы орайда, жұмыскерді демалыс кестесіне сәйкес еңбек демалысына шығару мәселесі татуластыру рәсiмдері арқылы ұйымдағы келісу комиссиясы (Кодексің 159 бабы), ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша сот тәртібімен шешілуі тиісті.

Сұрақтың нөмірі: 349618
31 мамыр, 2018 - 09:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз ба! Мен 2016 жылдан бері балалар үйінде кадр бөлімінің инспекторы қызметін атқарудамын. ҚР Үкіметнің 30.01.2008 жылғы №77 қаулысына сәйкес кадр бөлімінің инспекторы лауазымы 1,0 жүктеме берілген (Балалар үйіндегі тәрбиеленуші-воспитанник саны 130 адам). Енді, балалар үйінде яғни мекемеде бала саны азайды, болжаммен 70 тәрбиеленуші қалады. Бірақ, балалар үйі атауы "орталық" деп өзгеруіне байланысты штат сандары қосылуда. Сонымен, болжаммен 134 адам санына, "кадр бөлімінің инспекторы" лауазымын 1,0 жүктемемен қалдыруға рұқсат па?

Жауап: 

Құрметті Гульзира Каныбековна!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 8-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысының 5-тармағына сәйкес жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда кадрлар жөніндегі инспекторлардың жүктеме бірлігі, тәрбиеленушілер топтарының санына байланысты өзгеріп отырады. Яғни 5-9 топқа дейін 0,5 бірлік, 10-нан жоғары топқа 1 бірлік жүктеме.
Сонымен қатар, Сізге, аталған сұрағыңыз бойынша қосымша түсініктеме алу үшін, білім беру саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 349517
25 мамыр, 2018 - 12:27 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Cәлеметсіз бе, Мадина Абылкасымова . Менің сізге базалық зейнетақы тағайындау жөнінде қояр сұрағым бар.    Әкем, Қаумбеков Ж.С. зейнеткерлікке 1997 жылдың мамыр айында ІІБ-нен шыққан. Онда жалпы еңбек өтілімі 31 жыл болды. 1998 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың маусым айына дейін азаматтық мекемеде жұмыс істеді. осы жылдар бойы ай сайын зейнетақы қорына жарналар аударылып тұрды және де әлеуметтік салымдар ұсталып тұрды. Ол жөнінде анықтамалары бар және де еңбек кітапшасында жазылған.

СҰРАҚ: Базалық зейнетақы есептегенде 33 жылға жетпей тұрған 2 жыл осы кейінгі еңбегінен қосыла ма?

Жауап: 

Гульмира Жанатқызы!

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемді тағайындау тәртібі өзгертіледі.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын адамдар үшін базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде белгіленетін болады, базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға 2 %-ға ұлғаяды және қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, ең төмен күнкөріс деңгейінде белгіленеді.
Сол себептен, қазіргі зейнеткерлер үшін зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін болады.
Бұл еңбек өтілі көп болса да, төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, зейнетақы мөлшерін арттыру зейнетақы ісіндегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Қайта есептеу қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырылады, яғни зейнеткерлерге ешқайда бару керек емес, себебі еңбек өтілі туралы ақпарат зейнетақы істерінде, ал міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мерзімі – міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер базасынан алынады.
Сонымен, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі қайта есептелгеннен кейін сұрақтар туындаса түсініктемелер алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік корпорациясына немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаментіне өтініш беруіңізге болады.

Сұрақтың нөмірі: 349431
16 мамыр, 2018 - 09:18 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Құрметті Мәдина Ерасылқызы! Мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директорын тағайындау үшін 2012 жылғы 21 мамырдағы «Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» № 201-ө-м Бұйрығына сәйкес 5 жыл басшылық лауазымы болуы қажет. Осы тұрғыда егер тұлға ЖШС директоры және қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметтерінде 5 жыл істеген болса мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры лауазымы қызметіне тағайындау заңды ма?

Жауап: 

Құрметті Ұлжан Ғаппаровна!
«Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығына сәйкес ұйым директорына мына біліктілік талаптар қойылған: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс. «Іскер әкімшілік магистрі» ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс.
Бұл ретте, ЖШС директоры, Қоғамдық бірлестігі төрағасы және басқа да заңды тұлға басшысы ретінде атқарған қызмет уақыты басшы лауазымында жұмыс атқарған стажына кіреді.

Сұрақтың нөмірі: 349286
11 мамыр, 2018 - 17:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

 

Салемеметсіз бе!

Жауап: 

Құрметті Ақсамал Нұрлановна!

«Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығы тек мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындары жұмыскерлеріне таратылады.
«Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы басшылардың, мамандардың және тағы да басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, ұйымдастырушылық - құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдарда мамандарды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.
Сіздің жағдайыңызда, біріншіден «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығын, ал онда реттелмеген мәселелер бойынша бірінші Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығын, содан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы басшылыққа алу қажет.

.

Сұрақтың нөмірі: 349273
11 мамыр, 2018 - 17:02 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

02.09.2017 жылы мұғалім колледжге жұмысқа қабылданады. Одан кейін 02.12.2017 жылдан бастап 07.04.2018 жыл аралығында яғни (126 күнтізбелік күн) жүктілікке және босануға байланысты демалыста болады. Одан кейін 07.04.2018 келіп жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына өтініш жазады.

Жауап: 

Құрметті Баглан Асанович!
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 88-бабына сәйкес егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 53-бабы 1-тармағына сәйкес педагог қызметкерлер мынадай орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін ұзақтығы күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік қызметкерлері қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.
Кодекстің 91-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
1) нақты жұмыс істелген уақыт;
2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;
3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады.
Осыған орай, жұмыскердің ағымдағы жылы яғни, 7.04.2018 жылы ақы төленетін еңбек демалысы алғандықтан оған 32 күн берілуі тиіс деп есептейміз.
Осы сұрағыңыз бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңыз қажет.

Сұрақтың нөмірі: 349175
27 сәуір, 2018 - 16:57 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ Еңбек кодексі   99-бабының  2-тармағының 2 бөлігін түсіндіріп бересіздер ме.

Жауап: 

Құрметті Баглан Асанович!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 99-бабының 2-тармағына сәйкес жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге жүктілікке және босануға байланысты демалыс беріледі.
Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскер – жүкті әйелге жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап, ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн болып табылатын жүктілікке және бала тууға байланысты демалысты тұтастай (126 күтізбелік күн) беруге міндетті.

Сұрақтың нөмірі: 349111
18 сәуір, 2018 - 15:10 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздерме! сиздерге сұрақ қояйын деп едим. Мен Облыстық аурухананың Инсульт орталығы бөлімінде логопед болып жұмыс атқарамын.

Жауап: 

Құрметті Мария Серікқызы!

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 68-бабының 1- тармағына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер үшін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (бұдан әрі - Тізім), сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілді.
Тізімнің «Денсаулық сақтау жұқпалы таз және туберкулез (туберкулезге қарсы) емдеу-алдын алу мекемелері, Бөлiмшелерi, палаталар, кабинеттер; санитарлық-орман Мектептерi мен мектеп-интернаттары, балалар yйлерi, Балабақшалар (топтары), балалар яслилері (топтары) және Туберкулезбен, созылмалы жұқпалы іш аурумен ауыратын Балаларға арналған сәбилер yйлерi (топтар), туберкулезбен Ауыратындарға арналған мyгедектер үйi (бөлiмшелер)» 43-бөлімінде: Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының және демалыс үйлерінің (санаторийлердің логопеді, сурдологы) жұмысшыларына 12 күнге дейінгі қосымша еңбек демалысын беру мен 18 сағат қысқартылған жұмыс күнінің ұзақтығы қарастырылған.
Осыған орай, аталған кепілдіктерді алуға құқылысыз, егер Сіздің жұмыс орныңызбен лауазымыңыз сәйкес келжен жағдайда.
Сондай-ақ, жұмыс беруші аттестаттау нәтижесі негізінде қызметкердің нақты жұмыс жағдайын ескере отырып және жұмыскерлер өкілдерінің (кәсіподақ органының) пікірін ескеріп, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысын және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшерін анықтауға құқылы.
Қысқартылған жұмыс уақыты және қосымша демалыстың нақты ұзақтығы, еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшері ұжымдық және еңбек шарттарында норматив ретінде белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 348999
16 сәуір, 2018 - 13:43 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсізбе! Өзбекстан Республикасында жүргізілген еңбек кітапшасын ҚР әрі қарай пайдалануға боладыма, әлде ҚР үлгідегі еңбек кітапшасын бастау қажет пе? қажет болса ол қосымша парақ түрінде рәсімделеді ме? (еңбек кітапшасы 2003 жылы басталған, барлық жазбалар тек өзбек тілінде) Бұл туралы қандай құқықтық-нормативтік актілерде көрсетілген?

Жауап: 

Құрметті Арай Балқыбекқызы!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің   2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығының «Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағида) 1-тармағына сәйкес еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат.

 «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, Сізге жаңадан Қазақстан Республикасының еңбек кітапшасын бастау қажет деп есептейміз.

Сұрақтың нөмірі: 348946
11 сәуір, 2018 - 10:53 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Жәбірленушінің еңбек міндеттерінің атқару кезіндегі жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі МСЭК-те көрсетілген өмірбақиға берілген, бірақ жұмыс беруші зейнетке шығуыма байланысты тоқтатты. Мен өндірісте жүріп жарақат алдым, ол үшінші (3 группа) группа инвалидностқа қоса 50% еңбек қабілетін жоғалтума әкеп соқты. Осы 50% төлем неге тоқтатылды? Алған пенсиямды күнкөріске жұмсаймын ба әлде денсаулығыма жұмсаймынба?

Жауап: 

Құрметті Ашимбаева Нуршакул!

   Бірінші мәселе бойынша

   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Заң 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілді.

   Заңмен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 944-бабының 1-тармағына жәбірленушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жоғалтылған табысы бөлігінде зиянды өтеу еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне, бірақ оның Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуінен аспайтын мерзімге жүзеге асырылатындығын көздейтін өзгерістер енгізілген.

   Сонымен қатар, бұл өзгерістердің 2015 жылғы 10 мамырдан бастап күшіне енгізілгендігін ескеретін болсақ, онда бұл норманың осы көрсетілген мерзімнен кейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  жағдайларға ғана қолданылады.

   2015 жылдың 10 мамырына дейін болған және белгіленген тәртіпте тіркелген  барлық жағдайларға жұмыс беруші зиянды өтеу төлемдерін еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзіміне жүзеге асырады.

   Екінші мәселе бойынша 

   Қазақстан Республикасын Азаматтық кодексінің 937-бабының  2-тармағына сәйкес жоғалтқан табысты (кiрiстi) анықтау кезiнде жарақаттануына немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрiлуiне байланысты жәбiрленушiге тағайындалған мүгедектiк бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтiргенге дейiн де, одан кейiн де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлерi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерi өтеу есебiне қосылмайды. Зиянды өтеу есебiне жәбiрленушiнiң денсаулығы зақымданғаннан кейiн алатын табыс та есептелмейдi.

   Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде Сіздің еңбек құқықтарыңыз бұзылған болса, Сіз жергілікті еңбек инспекция басқармасына арызбен жүгінуіңіз қажет.

 

Сұрақтың нөмірі: 348478
21 ақпан, 2018 - 17:39 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші