A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ тақырыбы: 
Егер компания жұмысын тоқтатқан жағдайда жұмысшыларға қолданылмаған еңбек демалысын өтеуге міндетті ме? менің естуім бойынша тағы да екі айға алатын жалақысын төлеуге міндетті дейді сол рас па?
Жауап: 

110-бапқа сәйкес Е ң бек шарты то қ татыл ғ ан кезде жыл сайын ғ ы а қ ылы е ң бек демалысын (жыл сайын ғ ы е ң бек демалыстарын) пайдаланба ғ ан немесе толы қ пайдаланба ғ ан қ ызметкерге жыл сайын ғ ы а қ ылы е ң бек демалысыны ң (жыл сайын ғ ы е ң бек демалыстарыны ң ) пайдаланылма ғ ан к ү ндері ү шін ө тема қ ы т ө лемі төленеді . ҚР Еңбек кодексінің 157-б. 1-т. сәйкес жұмыс беруші заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айырылуға байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлейді.

Орындаушы: Молдабекова Шолпан Сарбасқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 209606
9 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Жұмыс беруші, жұмысшыны ақысыз демалысқа жібіре отырып, сол мезгілде ҚР ЕҚ занның 57 бабтың 2 тармағы арқылы, өз қызметкерінің демалыс мерзімі аяақталар кезенінде арызысыз жұмыстан босату құқықы бар ма? Және өзіме бұл бапты толықтай түсіндірсеңіз.жалпы алдағы күндерімде басқа жұмысқа күруіме нұсқан келмейме?
Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 54-б. 1-т. көзделген жағдайларда қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс беруші еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Атап айтқанда, еңбек шарты жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не оның қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған, біліктілігі жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген, өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген, сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған және т.б. негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

Орындаушы: Молдабекова Шолпан Сарбасқызы – Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 209602
6 мамыр, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлемәтсіздерме? Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын көтеру үшін 400 мың теңге көлемінде 2 жылда пайызсыз қайтаратын көмектің бары рас па? Әлде ауыл шаруашылыында істейтіндерге ме?
Жауап: 

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын көтеру үшін 2 жыл ғ а пайызсыз қайтаратын қаржылай көмек көрсету Министрліктің құзырына кірмейді.

Осыған орай аталған көмекті алу үшін жергілікті жердегі әкімдікке хабарласуыңыз қажет.

Орындаушы: Шалабаев Н.О. – Еңбек қатынастарын талдау бөлімінің бастығы.

Сұрақтың нөмірі: 209056
15 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Біздің мекеме шетелдіктерді жұмысқа алу үшін лицензия керек дейді? ол үшін арызды кімге жазамыз
Жауап: 

Арызды т ұрғылықты жердегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар Департаментіне беру қажет.

Орындаушы: Көш-қон мониторингі бөлімінің бастығы – С.Дүйсенов.

Сұрақтың нөмірі: 208948
9 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме? Қызметкер екі жұмыс орнында штатта бола ала ма?
Жауап: 

Құрметті Арай ! Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 196 бабына сәйкес  қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.

      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті.

Орындаушы. Жұмағұлов Бағдат – еңбек заңнамысы бөлімінің бас маманы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208886
4 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме? Мені Талғар қаласындағы экономикалық колледжге қыркүйек айынан маусым айына дейін келісім шартпен 700 сағат оқу жүктемесімен жұмысқа алған. Еңбек шартын ешқашан бұзған жоқпын. Бірақ наурыз айының аяғында маған ескертусіз бір күннің ішінде мені жұмыстан боатып жіберді. Менде өтілмеген 60 сағат қалған. Оны енді өтпейсің, қысқартылды деді оқу ісінің меңгерушісі. Мемлекеттік емес оқу орны болған соң ойларына келгенді істей береме? Директордың машинасына бензинге ақша табу үшін сендердің сағаттарыңды қысқартты деп басқа мұғалімдер мені күлкі жасады. Сіздерден көмек сұрап хат жазып отырмын. Не істеуіме болады?
Жауап: 

Құрметті Айнур ! Егерде қызметкер жұмыстан заңсыз шеттетілсе немесе босатылса, қызметкерлерге мекеме орналаскан жердегі Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау департаментіне жазбаша өтініш жасау керек.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 14 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылы болады.

Орындаушы: Б.Жұмағұлов – еңбек заңнамысы бөлімінің бас маманы, Бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208853
2 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Сәлеметсіздер ме? Екі еңбек кітапшасымен жұмыс істеу заңды ма? Екі жұмыс орнында штат құрамында жұмыс істеуге бола ма? Егер бір жұмыс орнында штатта болып, екіншісінде бір жылдық еңбек шартымен жұмыс істеуге болады деп естідім. Ол дұрыс па?
Жауап: 

Еңбек кітапшасы, Қазақстан Республикасының еңбек кодексінң 35 бабына сәйкес (одан әрі - Кодекс), қызметкердің еңбек қызметі туралы мәләметтерді қамтитын құжат болып табылады. Неше еңбек кітапшасын бастау, қызметекрдің өз еркі деп есептеледі.

Қызметкер, Кодекстің 196 бабына сәйкес, өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасауға құқылы.

Орындаушы: Қазбеков Думан Қабдуұлы бас маман – бас мемлекеттік еңбек инспектор.

Сұрақтың нөмірі: 208856
2 сәуір, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Ассалаумалейкум!Қызметкермен Жұмыс беруші тек қана этикалық себептер бойынша бір ай алдын-ала ескертіп еңбек шартын бұза алады ма, әлде оған тек Еңбек Кодексінің 54-ші бабында көрсетілген жағдайлардың негізінде ғана бұзу керек пе?
Жауап: 

Құрметті Ерлан!Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (онан әрі- Кодекс) этикалық ұғым және оған байланысты себептермен еңбек шартын бұзудың негіздері қарастырылмаған.Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері Кодекстің 54 бабында, ал қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, Кодекстің 57 бабында көрсетілген.Еңбек шартын бұзу үшін бір ай бұрын ескертудің қажеттілігін айтатын болсақ, Кодекстің 56 бабының 1ші тармағы бойынша, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Қазбеков Думан Қабдуұлы бас маман – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208774
26 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Енбек кау1пс1зд1г1 саласында республикамызда OHSAS стандарты калай пайдалануда?
Жауап: 

Министрліктер және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Әкімдіктерімен бірге кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелерін OHSAS 18001:1999 стандартын, МОТ – СУОТ 2001 ILO - OSH 2001 еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық стандартын және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын енгізуде аумақтық жоспарлар қабылданды.

Еліміздің өндіріс ұйымдарында шетелдік үздік өндіріс орындарында кеңінен пайданалып жүрілген OHSAS 18001:1999 стандарты, МОТ – СУОТ 2001 ILO-OSH 2001 еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық стандарты енгізілуде.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі 42 өндіріс ұйымдарда кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің OHSAS 18001:1999 стандарты енгізілді.

Осы OHSAS 18001:1999 стандарты негізінде Қазақстан Республикасының екі мемлекеттік стандарты:

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі Ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы тараптар. ҚР СТ-12.0.001-2005;

Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері.Талаптар.

ҚР СТ 1348-2005 (OHSAS 18001:1999, МОD), қабылданғанын хабарлаймыз.

Орындаушы: Шорманов С.Т.- еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бөлімі бастығы

Сұрақтың нөмірі: 208644
18 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Бос лауазымдарға орналасу туралы жарнамалық хабарландыруларда көбінесе қажетті үміткерлерді қабылдауда шектеулер қойылып отырады. Осындай сипаттаманың ішінде бірнеше рет төмендегілерді: жасы 35-ке дейін, еуропалық ұлттан болуы, мүмкіндігінше ер адам керек және т.б. кездестірдім. Бұл қаншалықты заңды?
Жауап: 

- Еңбек саласындағы кемсітушілік көрініп-ақ тұр, ал бұл заңмен тиым салынған. ҚР Еңбек кодексінің 7-бабында (әрі қарай Кодекс) айтылған: ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемісітушілік болып табылмайды. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы (мәселен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне).

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208339
3 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші