A A A
Мазмұнына өту

You are here

Бүгін Астана қаласындағы «Хан-Шатыр» сауда және ойын‑сауық орталығында 3 күндік «Болашағыңды ойла» атты акция басталды. Акцияны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырып отыр.

Зейнетақы мөлшері неге байланысты? Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығынан қандай төлемдерге үміт артуға болады? (тек 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар тұлғалар үшін)

 

Сейсенбі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Әбденовтің бастамасымен  ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша комитет төрағасы С.Бисақаев шұғыл түрде Қарағанды қаласына барды. Қарағанды облысының әкімдігінде  С.Ғ. Бисақаевтың төрағалық етуімен  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ жұмысшыларына «АЛЬЯНС-ПОЛИС» Сақтандыру компаниясының» сақтандыру төлемдерін төлеу мәселесі бойынша жиналыс өтті.

Бүгін Үкімет отырысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша 2012 -2018 жылдарға  арналған іс-шаралар жоспары жайлы мәлімдеді.  Отырыста Үйлестіру кеңесінің құрамына кірген Қазақстан мүгедектерінің қоғамдық ұйымы алғаш рет қатысады.  Олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен тең дәрежеде отырып,  мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәселесін талқылайды.

 

   150 мыңнан аса қазақстандық  жарты жыл ішінде Жұмыспен қмту бағдарламасын пайдаланған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлімдеді. «Анализге сүйенсек, Жұмыспен қамту бағдарламасы еңбек нарығында жақсы көрсеткіштерді көрсетті. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде, бүгінге дейін,   150 мыңнан аса адам бағдарламаның қатысушысы болды. 80 мың әйел жұмыспен қамтылды, өзін-өзі қамтығандар саны 52 мың адамға азайды», — деді С.Әбденов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Үкіметінің тікелей қатысуымен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің жетекшілігімен мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған Украинаның әлеуметтік саясат министрі Наталия Королевская бастаған делегация қатысты.  

Украина 2013 жылдың соңына дейін Қазақстандағыдай Жұмыспен қамту картасын әзірлейді. Бұл туралы шетелдік Еңбек министрліктері делегациясының Ақмола облысымен танысу сапары кезінде Украинаның Әлеуметтік саясат министрі Наталья Королевская мәлімдеді.

Татарстан «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын іске асырудағы қазақстандық тәжірибені енді өз елінде қабылдайтын болады. Бұл туралы шетелдік Еңбек министрліктері делегациясының Ақмола облысымен танысу сапары кезінде Татарстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Айрат Шафигуллин мәлімдеді.

Шетелдік Еңбек министрліктері делегациясы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқандығымен танысу мақсатында Ақмола облысында болды.

Делегация құрамында Украинаның әлеуметтік саясат министрі  Н. Королевская, Татарстанның  Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау министрі А. Шафигуллин, Ресей Федерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры С. Нечаева және басқалар болды.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов VI Астана  экономикалық форумы кезінде еңбек министрлеріне G-global коммуникативтік алаңында халықаралық  онлайн-конференция ұйымдастыруды ұсынды.

Бұл туралы еңбек министрі Серік Әбденов конференциядағы баяндамасында мәлімдеді.

 

Бүгін VI Астана экономикалық форумы аясында Тәуелсіздік сарайында «Әлемдік жұмыссыздық: кешенді шешу жолдары» атты баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов: «Дағдарыстан шығу үшін мемлекеттік еңбек нарығын реттеу керек», - деп атап өтті.

 

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші