A A A
Мазмұнына өту
X
egov

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

Мен Жаңабекұлы Әділет 2018 жылдың қаңтар айының 17 күні мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналастым. Қазіргі таңда жұмыс атқарған уақытым 8 айды құрап отыр. Осы жұмыс атқарған кезеңіме ағымдағы жылы еңбек демалысына шығуыма болады ма?

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.
Осыған орай, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында толық көлемде не нақты жұмыс істеген жұмыс уақыты үшін берілуі мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 351580
8 қыркүйек, 2018 - 13:52 өзгертілді

Сәлеметсіз бе?

Менің сізге қояр сұрағым төмендегідей:

Жауап: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында жалақы есептеудің тәртібі «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген, оған сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында жалақы есептеу кезінде орташа айлық жалақы қолданылады.
Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес оқу жылы ішінде жұмысқа кірген оқытушыларға тарифтік орташа айлық жалақы осы оқытушының сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді.
Бұл ретте, аталған сұрағыңыз бойынша нақты түсіндірме алу үшін аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңызды ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351507
3 қыркүйек, 2018 - 17:25 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме!

Жауап: 

Медициналық-әлеуметтік және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері облыс, қала әкімдерінің басқару құрылымына енетінін ескере отырып, аталған мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, басшыларын тағайындау, олардан азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді талап ету, мемлекеттік сатып алу тапсырыстарын өткізу, сонымен бірге штаттық бірлік бөлу жергілікті атқарушы органдар құзырына жататынын хабарлаймыз.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады (негіз: «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы).
Сонымен бірге, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері бөлігінде логопед маманы қарастырылған.
Осы орайда, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге қосымша ақы төлеу мәселесі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен реттелген.

Сұрақтың нөмірі: 351339
7 қыркүйек, 2018 - 19:36 өзгертілді

D, С блогына жататын Жұмыспен қамту орталығының қызметшілеріне, оның ішінде ассистент, бағдарламашы, еден жуушыға 50% мөлшерінде қосымша ақы қарастырылғанба? Ассистент, бағдарламашы, еден жуушыға "Тех.персоналдардың еңбегіне ақы төлеу" 131 ерекшелігінен айлық жалақысы белгіленеді, "Еңбек ақы төлеу" 111 ерекшелігіне ауыстыруға болама??

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 6-Қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, аталған қосымша ақы халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық мамандарына және басқа қызметшілеріне (оның ішінде, Сізбен көрсетілген жұмыскерлерден ассистенттерге, бағдарламашыларға) жүргізіледі. Яғни, аталған қосымша ақы жұмысшыларға берілмейді.
Екінші сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін ҚР Қаржы министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сәлеметсіз бе? Менің қояр сұрағым: Негізгі мемлекеттік қызметшігің оқу демалысы кезеңінде оның орнына қабылданған Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кестесіне сәйкес жұмыс жылының, яғни мемлекеттік қызметшінің 13.12.2017 - 2018 жылдар кезеңі бойынша, 01.07.2018 жылы кезекті еңбек демалысын алуға тиіс болатын. Алайда, негізгі мемлекеттік қызметшінің 30.06.2018 жылы жұмысқа қайта келуіне байланысты, 29.06.2018 жылы жұмыстан босатылып, еңбек еткен күндері үшін еңбек ақы төленді. Сұрақ: осы мемлекеттік қызметшінің 01.01.2018 - 2019 ж.ж.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 54-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, қызметкерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі тиіс, алайда сауықтыруға арналған жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты жауап алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351245
17 тамыз, 2018 - 09:23 өзгертілді

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі еңгізілді.Осыған байланысты 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап ассистенттер жұмысқа қабылданды. Ассистенттің еңбек ақысы Д блогы бойынша анықталды.Д блогы бойынша еңбек ақыға: 

Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 6-Қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, аталған қосымша ақы халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық мамандарына (оның ішінде, ассистенттерге) және басқа қызметшілеріне жүргізіледі.

Екінші сұрақ бойынша
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодексктің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, Сізбен аталған қызметкер мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның штаттық қызметкері болса, тиісінше қызметкер зейнеткерлік демалысқа шықпастан бұрын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351077
6 тамыз, 2018 - 10:11 өзгертілді

Салеметсіздер ме! Түркістан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың арнайы кітапханасының бас бухгалтері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 7 қосымшасында көрсетілген: к ітапхана, клуб мекемелері мен мұражайлар қызметкерлері мүгедектермен соқыр және саңыраулық азаматтармен жұмыс істегені үшін қосымша 30 пайыз БЛЖ-дан төленетін қаржы қандай қызметкерлерге төленеді? Мысалы, біздің мекемеде сегіз көзі көрмейтін 1-топ көз мүгедектері жұмыс істейді (оқырмандардан басқа). Басшы директорда 1-топ көз мүгедегі.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
- дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;
- зағип және саңырау азаматтармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда Сізбен аталған қызметкерлер (бухгалтер, экономист, жүргізуші) зағип және саңырау азаматтарға тікелей қызмет көрсетпейтіндіктен, аталған қосымша ақы оларға жүргізілмейді деп есептейміз.
Аталған сұрақ бойынша толық ақпарат алу үшін мәдениет саласында уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350983
1 тамыз, 2018 - 16:28 өзгертілді
Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскерді өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан шақыртқан жайғдайда, жұмыскерге шақыртылған уақыттан бастап еңбек ақы төленеді.

Саламатсыздар ма!  Мен  Арал ауданы,Жақсықылыш кентінде  мектепте  бағдарламашы болып  жұмыс жасаймын! Бізге сельский төленема ?  Мектеп  мұғалімдеріне  төленеді бірақ . Осы  туралы жауап беруіңізді  сұраймын!

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
Сондай-ақ, бұл норма «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында көзделген, яғни ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың (яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің және т.б.) тартылуын ынталандыру мақсатында және ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған орай, Сіз көрсеткен бағдарламашы лауазымы барлық қызмет салалары үшін ортақ болып табылатындықтан және жоғарыда аталған салалар мамандарына жатпайтындықтан аталған төлем оларға қолданылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 350294
27 маусым, 2018 - 18:45 өзгертілді

Сұрақтың нөмірі: 350231
27 маусым, 2018 - 18:43 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
«ӨРЛЕУ» жобасы
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші