A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбекке ақы төлеу әдіснамасы»

«Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтеріне сәйкес "Мұрағаттық істі жүргізу" функциясы жөніндегі жұмыс

Жауап: 

Қолданыстағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1002 бұйрығында қарастырылған (Әділет минінде № 12670 болып тіркелген) 1-кесте «Мұрағаттық істі жүргізу» функциясы негізінде іс саны 926-ға дейін 1 бірлік қабылдауға болады.

Сұрақтың нөмірі: 358375
15 ақпан, 2019 - 18:08 өзгертілді

Саламатсыздарма? Арал ауданы Жақсықылш кенті мектептегі бағдарламашысына 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап жалақы қосылама?Осы туралы жауап берсеніз?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейдегі программист (бағдарламашы) С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Сонымен бірге, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің артуына байланысты С3 буыны бойынша анықталатын біліктілігі орташа деңгейлі мамандардың жалақысы, сондай-ақ С2 буыны бойынша анықталатын 13 жылға дейін еңбек өтілі бар біліктілігі жоғары дейгейдегі мамандардың жалақысы арттырылды.

Сұрақтың нөмірі: 358292
11 ақпан, 2019 - 17:48 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! Орта мектепте жұмыс істпейтін мұғалімге қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша педагог-шебер біліктілік санаты берілді; мұғалім жалақысына орта мектептен 50 пайыз қосымша ақы төленіп отыр. Ол мұғалім балалар өнер мектебінде қосымша қызмет атқарады, ақындық өнерге баулу сабағын өткізеді. Біз қосымша білім беру ұйымымыз.  Балалар өнер мектебі тарапынан мұғалімге педагог-шебер санаты бойынша қосымша ақы төлене ме?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы қарастырылған.
Аталған қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осыған байланысты, сұрағыңыз бойынша жауап алу үшін білім саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358284
7 ақпан, 2019 - 17:49 өзгертілді

Құрметті Мәдина Ерасылқызы ! мен Тәжі Ерлан Әшімханұлы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында,  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында" КММ-де "Кадр жөніндегі инспектор" болып 02.08.2018 жылынан бері жұмыс істеймін.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі кадрлар жөніндегі инспектор С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Бұл ретте, «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына сәйкес кадр жөніндегі инспектор біліктілігіне талаптар қойылған: жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда «Стандартизация, метрология және сертификация» мамандығы бойынша жоғары біліміңіз жоғары кәсіптік (экономикалық, заң) білім болып табылмайтындықтан, еңбегіңізге ақы төлеу С3 буыны бойынша анықталады деп есептейміз.
Мысалы, біліктілігі орташа деңгейлі 2-3 жыл еңбек өтілі бар кадр жөніндегі инспектордың лауазымдық айлықақысы 49905,54 (2,82 (тиісті коэф.) * 17 697 (БЛА)) теңгені құрайды.

Сұрақтың нөмірі: 358231
30 қаңтар, 2019 - 17:36 өзгертілді

Сұрақ: Мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ болуына байланысты жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасары қоса алып жүре алама?

Жауап: 

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару болып табылады.
Кодекстің Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1193 қаулысымен бекітілген 18 қосымшасының 5 тармағында көрсетілген Ескертпеге (5-баған) сәйкес «2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды».
Осыған байланысты, мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ болуына байланысты жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасары қоса алып жүре алмайды.

Салематсызба, Мен Назгүл Қобландықызы Атырау облысы Құлсары қаласында Қала әкімшілігінде бас маман болып қызмет етемін. Еңбек өтілім 3 жыл. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бала күтіміне кеткен маманның міндеттерін қоса атқарып отырғаным үшін маған есепші 0,3% қосымша ақы төлеп отыр. Сол қаншалықты дұрыс? Рахмет

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 38-бабына сәйкес қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.
ҚР Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты және ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысымен бекітілген 18 қосымшасының 5 тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы(мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне лауазымдарды қосымша атқарғаны үшін қосымша ақы 50% ЛА төленеді деп көрсетілген. Сұрақ: Мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ болуына байланысты жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасары қоса алып жүре алама?

Жауап: 

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару болып табылады.
Кодекстің Лауазымдарды қоса атқарғаны үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
Осыған байланысты, мекемеде қызметтік автокөліктің жүргізушісі жоқ болуына байланысты жүргізушінің міндетін мекеме басшысы немесе орынбасары қоса алып жүре алады.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1193 қаулысымен бекітілген 18 қосымшасының 5 тармағында көрсетілген Ескертпеге (5-баған) сәйкес «2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды».

Сәлеметсіздер ме! мен Абдыров Бағдаулет Жеткербайұлы Қызылорда обл, Қазалы ауданында Спорт клубта есепші болып қызмет атқарып келем. Спорт клубта 43 қызметкер, (1) орталық стадион, (1) спорт кешен, (1) саябақ бар. Кәзіргі танда С2 мен жалақы алып келем. Сіздерден сұрайын дегенім А2-3 мен еңбек ақы төлеуге болма? Ол үшін нестеу керек?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, спорт саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес А2-3 буыны бойынша аудандық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтер, С2 блогы бойынша бухгалтер анықталған.
Яғни, бас бухгалтер лауазымы басқару персоналына (А блогы) жатады. Бұл ретте, бас бухгалтерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес ол бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық етеді, яғни қарамағында бухгалтерлер болуы талап етіледі.
Осыған орай, қазіргі уақытта Сіз есепші (бухгалтер) лауазымын иеленіп отырғандықтан, еңбегіңізге ақы төлеу С блогы бойынша жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 358057
23 қаңтар, 2019 - 19:14 өзгертілді

Құрметті Мәдина Ерасылқызы ! мен Тәжі Ерлан Әшімханұлы Түркістан обл, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында,  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында" КММ-де "Кадр жөніндегі инспектор" болып 02.08.2018 жылынан бері жұмыс істеймін.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Лауазымдық айлықақыларды есептеуге арналған коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
БЛА мөлшері бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі кадрлар жөніндегі инспектор С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Осыған орай, егер Сіздің біліміңіз жоғары деңгейде болса, еңбегіңізге ақы төлеу С2 буыны бойынша, біліміңіз орташа деңгейде болса – С3 буыны бойынша анықталады.

Мысалы, біліктілігі орташа деңгейлі 1-2 жыл еңбек өтілі бар кадр жөніндегі инспектордың лауазымдық айлықақысы 49374,63 (2,79 (тиісті коэф.) * 17 697 (БЛА)) теңгені құрайды.

Сұрақтың нөмірі: 357927
3 қаңтар, 2019 - 10:35 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! мен Тәжі Ерлан Әшімханұлы Түркістан обл, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында,  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында" КММ-де "Кадр жөніндегі инспектор" болып 02.08.2018 жылынан бері жұмыс істеймін.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Лауазымдық айлықақыларды есептеуге арналған коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
БЛА мөлшері бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі кадрлар жөніндегі инспектор С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Осыған орай, егер Сіздің біліміңіз жоғары деңгейде болса, еңбегіңізге ақы төлеу С2 буыны бойынша, біліміңіз орташа деңгейде болса – С3 буыны бойынша анықталады.

Мысалы, біліктілігі орташа деңгейлі 1-2 жыл еңбек өтілі бар кадр жөніндегі инспектордың лауазымдық айлықақысы 49374,63 (2,79 (тиісті коэф.) * 17 697 (БЛА)) теңгені құрайды.

Сұрақтың нөмірі: 357876
29 желтоқсан, 2018 - 12:49 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші