A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» сұрақтар-жауаптар

Саламатсыз ба!  Бізге 2002 ж әкімшілік шешімімен бюджеттік және қызметтік пәтерді  Жаңаөзен әкімшілігі берді. Комиссия шешімі қалдық құнымен жекешелендіруге де шешімін шығарды. Өзім мектепте 23 жыл еңбек өтілім бар, екі балам бар. Бұл үй нольдік қалдық құнымен әкімшілік балансында тұр. Үй 1972 ж (тех.паспорт бойынша)   салынған.  Бізге шешімді 2002 ж берген.

Жауап: 

Құрметті Рабиға Ордабаевна!

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Сіздің өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ережесіне сәйкес Министрлік әлеуметтік-еңбек саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттеріне мемлекеттік саясатты жасақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру кіреді.
Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiру шарттары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңымен реттелген.
Осыған орай, көтерілген мәселелер бойынша Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке хабарласу қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 358946
14 наурыз, 2019 - 17:50 өзгертілді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнеткерлерге базалық зейнетақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Әрбір зейнеткер жұмыс өтіліне қарай алатындығы кестеде көрсетілген. Соның нәтижесінде 15427 теңгеден 28284 теңгеге дейін өсірілді. Бұл жүйе 3 млнға жуық зейнеткерлердің отбасылық кірісін молайтты. Өте әділ жасалған. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 53 жаста зейнетке шыққан көпбалалы "Күміс Алқа" және "Алтын Алқа" марапатталған аналарға тек ынтымақты зейнетақы тағайындалып базалық зейнетақы төленбейді. Неге ?

Жауап: 

Құрметті ЕРБУЛАН ИВАНОВИЧ!

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңына сәйкес 5 және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл ретте әйелдер үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жиырма жыл еңбек өтілі талап етіледі.
Егер талап етілген еңбек өтілі болмаған жағдайда жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
Ал, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі азаматтарға жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалады (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2019 жылдың 1 қаңтарына - 59 жасқа толғанда)
Осыған орай, 53 жаста зейнеткерлікке шыққан азаматтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әйелдерге арналған жалпы зейнеткерлік жасқа жеткенде тағайындалатын болады.

Сұрақтың нөмірі: 358925
12 наурыз, 2019 - 15:31 өзгертілді

 Сәлеметсіздер ме?   Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы №0319776124 хабарлама бойынша маған 44993 тенге (Қырық төрт мың тоғыз жүз тоқсан үш теңге) 04.11.2018 бастап түсу керек болған, бірақ маған 40000 (қырық мың) көлемінде  ай сайын түсіп келеді. Осы төлем дұрыс дұрыс емесін сіздерден анықтап беруді өтінемін.

Жауап: 

Құрметті Мәлика Бақытжанқызы, сәлеметсіз бе!

Қазақстан Республикасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының 26 бабына сәйкес еңбек ету қабiлетiнен айырылған және (немесе) жұмысынан айырылған, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда берiлетiн әлеуметтiк төлемдерден Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталып қалады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жiберiледi.
Осыған орай, Сізге берілетін әлеуметтік төлемнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке есеп шотыңызға 10% ұстам жүргізіледі.

Сұрақтың нөмірі: 358882
15 наурыз, 2019 - 18:38 өзгертілді

Менің арыз беру себебім, 2018 жылдың 29 маусымында жасым 58-ге толдым. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 29 желтоқсанында 58,5 жасқа толдым. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты зейнеткерлікке шығу жасы 2019 жылы 1 қаңтардан бастап 59 жас деп белгіленген. Менің зейнеткерлікке шығу жасым жылдың соңғы жұмыс күніне келді.

Жауап: 

Құрметті Асия Сайлауовна, сәлеметсіз бе!

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініш Мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен құжаттар зейнетақы жасына толғанға дейін 10 күн қалғанда қабылданады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларының 20 тармағына сәйкес алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілін дұрыс толтырылуын тексереді.
Азаматтың жеке түрде арыздануға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол сенімхат арқылы басқа тұлғаларды арыздануға уәкілетті етеді.
Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы (бұдан әрі - Заң) 2-тармағы 18 бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Қолданыстағы заңнама негізінде әйелдерге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады (Заңның 11 бабы).
Осыған орай, зейнетақы төлемдерін тағайындауға уақытында Сізден өтініш түспеуіне байланысты, зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады.

Сұрақтың нөмірі: 358025
24 қаңтар, 2019 - 18:57 өзгертілді

Мен 1999-2011 жылдары Алматы қаласында тіркелген шетелдік команияда жұмыс істедім. Қазір ол комания жойылған. Жұмыс істегенім туралы мәдімет еңбек кітапшамда жазылған, бірақ зейнетақы төлемдері төленбеген, себебі ол кезде зейнетақы төлемдерін жасауға шетелдік компаниялар ерікті болды. Зейнетке шығуыма сол жылдардағы еңбек стажым есептелмей отыр. Қазір кезінде төленбеген зейнетақы төлемдерін жеке тұлға ретінде төлеп, 3 жылғы еңбек стажымды қайта есептетуге бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!
1998 жылғы қаңтардан бастап республикамызда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді.
1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы Зейнетақы қорының - Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және пайдалану тәртібі өзгерді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге байланысты барлық жұмыс істейтіндерге міндетті зейнетақы жарналарын аударуды көздейтін әр жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) ашылған қызметкердің жеке зейнетақы шотына қызметкердің ай сайынғы табысынан 10 % мөлшерінде МЗЖ жүйелі түрде аударып тұруға міндетті.
Заң нормаларына сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшерін есептеу еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке алынады) мен 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, зейнеткерлік жасқа толғаннан дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте орташа айлық табыстың мөлшері БЖЗҚ-на 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылған міндетті зейнетақы жарналарына сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалады.
2018 жылғы 1 шілдесінен бастап азаматтардың базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты (зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі – 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтілі және міндетті зейнетақы жарналары төленуінің нақты өтілі) белгілеу арқылы өзгертілетінін хабарлаймыз.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болатын болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде белгіленеді, одан кейінгі әрбір 1 жыл сайын оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады, қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, 100% ең төмен күнкөріс деңгейіне тең болады.
Заңның 24-бабы 8-тармағына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
Базалық зейнетақыны қайта есептеу үшін міндетті зейнетақы жарналарын толық немесе уақтылы аудармаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналарын жұмыс берушінің аудару мерзімін растайтын сот шешімін ұсынуға кеңес береміз.

Маған 12 .12. 2018 жылы кезекті қайта куәләндіру нәтижесінде ІІІ топ мүгедегі (еңбек жарақаты) және кәсіптік еңбек етуін жоғалтуы 55 пайыз болып белгіленді.Сұрақ; осы жағдайымда еңбекке орналаса аламын ба? Егер жұмыс істесем маған берілетін әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру компаниясынан кәсіптік еңбек етуін жоғалтуына байланысты төленетін төлем тоқтатылады ма?

Жауап: 

Құрметті Мейрам Құандықұлы!

Сіз медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігін әзірлеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жолығуыңыз қажет.
Егер жұмысқа орналасқан жағдайда, Сізге мүгедектігі бойынша төленетін кепілдендірілген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер тоқтатылмай төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 353454
26 желтоқсан, 2018 - 10:29 өзгертілді

         Сәлеметсізбе!

 Мен, Адилбеков Серікбай Текбаевич,1962ж.т. 2015жылы Жүрегімнен инфаркт алдым. Жүректегі үш қан тамырымда 99% бітеліп тұр екен.Екі жүрек тамырыма  (АКШ) операция жасалды, бір тамырыма СТЕНД қойды. Мемілекет пен медицина осы жағдайымды ескеріп, әділеттілікпен ii -группаға тағайындап бекітті. Қазіргі жағдайым мәз емес, жасанды жүрек тамырларым 99% бітеліп тұр, көп жүруге, отыруға жағдайым келмейді.2015 -2016жж денсаулығыма байланысты тиселі 2группа инвалидность белгіленді. Ауыруым сол өзгермеген болсада 2017жылы негізсіз ііі -группаға ауыстырып жіберді, Мен 

Жауап: 

Құрметті Серікбай Текбаевич!
           Сіздің сұрағыңызды  қарап,  келесіні хабарлаймыз.
   Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ауруға байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, диагнозы белгіленген сәттен бастап медициналық ұйымның жіберген жолдамасы (үлгі-088-у) болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде  қарастырылады (негіз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидасы).   
 Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның дәрігерлік  консультациялық комиссияның  төрағасы қамтамасыз етеді.
Енбек, әлеуметтік қорғау және қоші-қон комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес 2015 -2017 жыл аралығында Сізге екінші топ мүгедектігі белгіленген. Ал, 2017 жылдың 7 желтоқсан айында, қайта куәландыру барысында медициналық ұйымның ұсынылған құжаттарының негізінде, Сізге үшінші топ мүгедектігі бір жыл мерзіміне белгіленгені анықталды.
           Сонымен қатар,  ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сіз медициналық ұйымының 088-у жолдамасы болған кезде,  МӘС бөлімінде куәландырудан өтіп, организмнің  жай-күйі мен  тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі бойынша шешім  шығаратындығын хабарлаймыз.

 

Сұрақтың нөмірі: 353226
6 желтоқсан, 2018 - 19:38 өзгертілді

Саламатсыздарма, 1 сурак: бала санына байланысты (53 жас) зейнеткерликке шыккан айел кызметкер зейнет жасына жеткенше (58 жас) өз қалауымен басшылықтын руксатынсыз жумыс истеуге кукылы ма?

Жауап: 

Құрметті, Жадыра Назарбекызы!
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодекстің  53-бабының  9-тармағы  бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының  1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.

 

Сұрақтың нөмірі: 353184
8 желтоқсан, 2018 - 18:57 өзгертілді

Саламатсыздар ма! Мен Әбдішәкір Икрамхан Өмірзақұлы 1981 жылы туылғанмын. Шымкент қаласының тұрғынымын. 2011 жылдан бері науқасыма байланысты 2-топ мүгедегімін. Жыл сайын қайта сараптамадан өтудемін. Қабылдап жүрген ем шара әрекеттерден тиісті нәтиже жоқ. Келесі қайта сараптамадан өту мерзімі 2018 жылғы қазан айына жоспарланған. осынған байланысты менің қазан айында болатын қайта сараптамадан өту кезінде  мүгедектікке мерзімсіз уақытқа шығаруға мүмкіншілік бар ма? 

Жауап: 

Құрметті Икрамхан Өмірзақұлы!

 

 

        Сіздің хатыңызды мұқият қарап, төмендегіні хабарлаймыз.

        Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік:

1) қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне сәйкес;

2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде белгіленеді.

        Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорының мәліметі бойынша Сізге 2011 – 2012 жылдар аралығында үшінші топ, 2012-2018 жылдар аралығында екінші топ мүгедектігі белгіленген.

        Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, екінші топ мүгедектігін қайта куәландыру мерзімінсіз белгілеу мәселесі кезекті куәландыру барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады.

 

Сұрақтың нөмірі: 351940
5 қазан, 2018 - 09:39 өзгертілді

Сәлеметсіз бе!

Жауап: 

Рабига Ордабайқызы!
Сіздің әкеңіздің (Тұяқбаев О.) зейнеткерлік іс-қағазыңыздағы құжаттары зейнетақы төлемдері мөлшерінің дұрыс тағайындалуына және төленуіне байланысты толық тексерілді.
Аз. О. Тұяқбаевқа қолданыстағы зейнетақы заңнамаларына сәйкес зейнетақы 2005 жылдың наурызында жасына байланысты зейнетақы тағайындалған.
Қазіргі уақытта еңбек өтілі қайта қаралып, жалпы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 38 жыл 5 ай 5 күн құрап, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап О. Туяқбаевтың жалпы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 63 386 теңгені (жасына байланысты зейнетақы – 35 102 теңге, базалық зейнетақы - 28 284 теңге (ең төменгі күн көріс деңгейінің 100%) құрады және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс тағайындалды.

Сұрақтың нөмірі: 351198
23 тамыз, 2018 - 16:32 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Ящик идей
Атаулы әлеуметтік көмек
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші