check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» сұрақтар-жауаптар

Сәлеметсіз бе.

Менің әкем 06.1991 жылы Монголиядан көшіп келген. Ол жақта жер асты шахтасында жұмысшы болған. Сол себепті 2005 жылдан бері №1 тізім бойынша жәрдем ақы алып келеді.Биыл қазан айында 63 жасқа толады, сол кезде жасына байланысты зейнеткерлікке шыға алады ма? Егер жасына байланысты зейнеткерлікке шыға аласа қандай құжаттар дайындауы керек.

Жауап: 

Салеметсіз бе!

Мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде (ер азаматтар 63 жасқа толғанда) жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңдарына сәйкес зейнетақы төлеуді тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі (негізі: «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы» ҚР Заңы).
         Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерiн есебіне жазу үшiн қажеттi еңбек өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жерi бойынша Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа (бұдан әрі – Орталық) берiледi.

Осыған орай, әкеңіз зейнеткерлік жасқа толғанда, жасына байланысты зейнетақыны тағайындату үшін өтініш пен қажетті құжаттарды алып, Орталыққа жолығуға құқығы бар.

Зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімін "Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидалар» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 Қаулысында айқындалған.

Айта кететін жайт, 2014 жылдың қазан айында Монғолия Халық Республикасымен Қазақстан арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм күшінің жойылуына байланысты,  азаматтардың  өзге  елдегі еңбек стажы  зейнетақыны тағайындау  үшін есепке алынбайды.

Зейнетақыны тағайындау туралы толық түсінікті алу үшін Сіздің әкеңізге қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау органдарға жолығуға кеңес береміз.

 

 

        

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 324426
30 наурыз, 2015 - 18:26 өзгертілді

Сəлеметсіз бе! Анасы жұмыс жасамаса, екінші балаға жөргекпұлды əкесінің атына алу үшін əкесі арыз жаза ала ма? Жөргек ақшаны əкесінің атына рəсімдеу үшін əкесі еңбек демалысына немесе жұмыс орнынан бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға міндетті ма? заң тұрғысынан жауап берсеңіз.Рахмет

Жауап: 

       Сәлеметсіз бе!

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңына сәйкес туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасылардың:

      1) бала туғанда берілетін жәрдемақы;

      2) мынадай жағдайларда:

      бала күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмайтын;

       2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда бала күтімі жөніндегі жәрдемақы құқығына ие.

        Бала тууына байланысты тағайындалатын, төленетін бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы және бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты тағайындалатын, төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.

        Егер, туған баланың күтімін жүзеге асыратын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405 Заңына  (ары қарай – Заң)  сәйкес  бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорынан  тағайындалады.

        Мемлекеттік  сақтандыру қорынан  бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда  төленетін  әлеуметтiк төлемді  жүзеге асыратын адам  нақты бала күтіміне байланысты табысынан айырылғандығын анықтауы қажет,  өйткені  төлемдер табысынан айрылғандығына байланысты қарастырылған.

        Сондай-ақ,  әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша уәкілетті орган  - Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Департаменті  (ары қарай - Департамент) аумақтық басқармасы болып табылады.

         Заңның 9 бабына сәйкес, әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган: әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді, құжаттардың дұрыстығын тексереді, әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.

         Ары қарай назарыңызға, Заңның 20 бабы, 4 тармағына сәйкес әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның табыс етiлген құжаттардың дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға ұсынылған құжаттардың анық екендігі туралы сұрау салуды жiберiп, оларды беруге негiз болған құжаттардың бар-жоғын тексере алады. Бұл peттe, әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдаудың кешiктiрiлуi және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабардар етiлуге тиiс.

        Бұдан ары, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем жөнінде неғұрлым дәл ақпарат алу үшін уәкiлеттi орган- Департаментке жүгінуді ұсынамыз.          

 

Орындаған: Ағабек А     

          Ішкі сымтетік: 477

Сұрақтың нөмірі: 324206
19 наурыз, 2015 - 12:28 өзгертілді

Саламатсыздарма! Менің әкем Имангазиев Нүсіпақын 28 ақпан күні қайтыс болды, менің сіздерге қояр сұрағым, әкемнің ақпан айындағы зейнетақысын ала аламба және оны кімнен сұрауыма болады жергілікті жерден?

Жауап: 

Сәлеметсізбе!

 

Сіздің сұрағыңызды мұхият қарап келесіні баяндаймыз.

Зейнеткер қайтыс болған жағдайда, алынбаған  зейнетақы төлемдерінің толық алынбаған сомасы мұрагерлік құқығы туралы куәліктің негізінде мұрагерлерге беріледі.

Мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
        Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.

Мұрагерлік куәлікпен Сіздің  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының тұрғылықты жеріңіз бойынша бөлімшесіне жүгінуге және толық алынбаған зейнетақыны төлеу туралы тиісті арыз жазуға құыңыз бар

 

 К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 324101
27 наурыз, 2015 - 11:28 өзгертілді

Саламатсыздар ма! Менің анам 1953-жылғы. Дүниеге барлығы 7 бала әкелген. Тұңғыш баласы 1977жылғы, ең кенжесі 1990жылға. Оның ішінде 1 қызы 28.08.1980ж. дуниеге келіп, 8 жасында, яғни 1988 жылы қайтыс болған, ал 1 ұлы 09.08.1984 жылы дүниеге келіп, 1986 жылы дүниеден өткен. Анам 2006 жылы 53 жаспен 5 баламен зейнеткерлікке қалды. Менің білейін дегенім: 1. Қазіргі уақытта  анама күміс алқа тиісті ме, жоқ па? 2. Тиісті болса зейнетақыға қосымша ақы қосулуы керек пе немесе қандай қосымша ақылар қосылуы мүмкін?  Алдын ала жауабыңызға рахмет!!!

 

Жауап: 

Жауабы:

Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау облыстардың және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің құзыретіне жатады.

2010 жылдан бастап «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар, «Күміс алқа» алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп  өсірген аналар, жетінші және алтыншы балалары бір жасқа жеткен және басқа балалары тірі болған кезде наградталады (негіздеме: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 211-ІІ Заңы).

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттау туралы» № 2676 Заңының 28-бабында, Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар ескерiлетіні көрсетілген.

Осыған орай, аталған белгілерімен марапаттау жөнінде, Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша әкімшілікке хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 323889
19 наурыз, 2015 - 12:15 өзгертілді

Саламатсыз ба? Менің сізден сұрайтын сұрағым төмендегідей? Менің жолдасым 51-де. 1996 жылдан бері жұмыссыз.Қазір 3 немерем бар. Зейнеткерлікке неше жастан бастап шығады ? Зейнет ақысы қанша болады? Жауабыңызға алдын -ала рахмет!

Жауап: 

Сәлеметсіздерме!

 

Сіздің өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес ер адамдарға – 63 жас, әйелдерге – 58 жас зейнеткерлік жас белгіленген.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жыл сайын   6 айдан қоса отырып 2027 жылға дейін 63 жасқа жетеді.

Әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін 63 жасқа дейін арттыруға жыл сайын 6 айдан біртіндеп жүзеге асырылады.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес, зейнетақы төлемі тек екі көрсеткішке байланыстылығы белгіленген.

бірінші көрсеткіш – бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қалыптасқан еңбек стажының жылдар саны.

Зейнетақыны толық көлемде тағайындау үшін талап етілетін стаж 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еркектер үшін 25 жылды, әйелдер үшін 20 жылды құрайды.

екінші көрсеткіш - зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңдегі орташа айлық табыс.

Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін жұмыста болған үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап қатарынан кез келген 3 жылдың орташа айлық табысы назарға алынады.

Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүргізілген табысқа сәйкес белгіленеді.

Сізге толық түсініктеме алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі орталығына хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

Орындаған Шенеева А.М.

 

 

Сұрақтың нөмірі: 323203
27 ақпан, 2015 - 12:35 өзгертілді

Мен Жолжигитова Кунсипа Калимолдиновна 12 қараша 1956 ж.т. Зейнеткерлік жасыма жетуіме байланысты 2014 жы қараша айында құжаттарымды Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық зейнеткерлік орталығына тапсырған болатынмын,  1998 жылға дейінгі еңбек өтілім 25 жыл, соңғы 36 айдағы жалақым 12 277 394 теңгені құрайды, өзім 3 топтағы мүгедекпін, есептелген зейнетақы мөлшеріне келіспеймін, зейнетақы орталығына жазбаша түрде хат жолдағанмын бірақ жауапсыз қалды, сол себепті сіздерден көмек сұраймын,, Зейнетақымның дұрыс бұрыстығын анықтап беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Жауап:

Сәлеметсізбе Кунсипа Калимолдиқызы!

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1 - ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыстың орташа айлық табысының  мөлшері болып табылады (негізі: Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

Айта кететін жайт, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 41 еселенген мөлшерінен аспауы, яғни  75 932 теңге болатын.  

Жасыңызға байланысты зейнетақы 2014 жылдың қараша айында 23 жыл 7 ай еңбек стажыңыз үшін және 2011 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қазан аралығындағы 75 932 теңге орташа еңбекақыңыз  есепке алынып тағайындалған (нақты орташа еңбекақыңыз  353 262 теңге болған, бірақ 41 АЕК-пен шектелген).

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі (әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 20 жыл еңбек стажы болу керек), бірақ ол зейнетақының есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайыздан аспауға тиіс.

Сіздің жағдайыңызда еңбек стажыңыздың коэффициенті 0,63 пайыз құрайды (20 жыл еңбек стажыңыз үшін– 60 пайыз, 3 жыл жұмыс iстеген үшін – 3 пайыз).

Сонымен, 2014 жылда тағайындалған зейнетақыңыздың мөлшелері 47 838 теңгені (75 932 теңге*0,63 пайыз) құрады және қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

Материалдық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде

Облыс, қала және аудан әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде аз қамтылған отбасыларына, материалдық және әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы екендігін қосымша хабарлаймыз (негізі: «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  органдар  туралы» ҚР Заңы).

Сол себептен, осы мәселелермен Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласқаныңыз жөн.

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 322787
3 наурыз, 2015 - 15:27 өзгертілді

Мен, Асанова Светлана 1981 жылдан бері осы күнге дейін еңбек етіп келе жатырмын. 2000 жылы 2 топ мүгедек (инвалид 2 группа) болуыма байланысты, зарплаттан 10 % пайыз пенсионный взнос ұсталмай толықтай зарплатты алып жүрдім. 2012 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге, 2013 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге, 2014 жылы әр ай сайын 135000 (бір жүз отыз бес мың) теңге еңбекақы алып жүрдім. Әр ай сайын еңбекақы банк арқылы банктік шотыма салынып отырды. Банктік аударымдарды (поручение) құжаттарын қоса беруге болама құжаттар тізіміне. Жасым: 10.10.1957 жылы.

Жауап: 

Жауап:

 

Сәлеметсізбе!

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдерге 20 жыл болған  жағдайда көзделген.

Егер, Сізде толық еңбек стажыңыз болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажыңызға пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегi зейнетақы төлеу тағайындалады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшерi орталық атқарушы орган айқындайтын тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

Сіз білетіндей бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Бірақ, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.

Зейнетақыны тағайындау туралы толық түсінікті алу үшін қажетті құжаттарыңызбен тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жолығуға кеңес береміз.

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

Сұрақтың нөмірі: 321989
27 ақпан, 2015 - 12:36 өзгертілді

 3 топтағы мүгедек азаматқа мүгедектігі туралы жәрдемақысы барлығы қанша теңге шығады және жұмыс істейтін болса оған қосымша жәрдемақы төленема? төленетін жағдайда не істеуге болады?

Жауап: 

Жауап:

Мүгедектiгi бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақы) мүгедектiкке душар болған жағдайда жәрдемақыға өтiнiш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғасуына қарамастан тағайындалады.

Мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы 3 топтағы мүгедектерге тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ол 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді (2015 жылдың қаңтар айынан оның мөлшері 16664  теңге құрды).

Ал 3 топтағы мүгедектерге тиісті арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 0,64 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді (2015 жылдың қаңтар айынан бастап - 1 269 теңге) (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

 

 

 

 

 

 

 

К.Суханова

 

Сұрақтың нөмірі: 321877
13 ақпан, 2015 - 19:02 өзгертілді

Саламатсыздарма? менің сұрағым 3 топтағы мүгедек азаматтарға мүгедегі туралы жәрдемақы қанша төленеді соны білсем деген едім алдын ала рахмет.

Жауап: 

Жауап:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектік тобы белгіленген адамдарға мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (бұдан әрі - МӘЖ) мөлшері жыл сайынғы Республикалық бюджет туралы Заңымен тиісті жылға бекітілетін күнкөріс деңгейінің мөлшерімен есептеледі (негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» ҚР Заңы).

МӘЖ мөлшері мүгедектіктің тобына және ауру себебіне байланысты анықталады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері –        16 664 теңге.

Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына сәйкес мүгедектерге мүгедектік тобына және ауру себебіне байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – арнаулы жәрдемақы) тағайындалады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 топ мүгедектігі бойынша арнаулы жәрдемақының мөлшері – 1 269 теңге.

 

 

 

 

 

 

К.Суханова

Сұрақтың нөмірі: 321770
6 ақпан, 2015 - 11:42 өзгертілді

Саламатсызба! мен батыс казакстан орал каласынан жазып отырмын.Кызым Умирханова Акбота Темирхановна бес жаста мугедек  кулагы естимейди,диогниз:нейросенсорный тугаухость 3-4 степен .Менин кызымнын кулагы слухавой апаратпен естейди. Жана жана тили шыгып сойлеп келе жатыр. Логапедпен, дефиктологпен, соц педогогпен, сурдопедагок жумыс жасаймыз. Есту кабылетын дамыту ушин егер мумкиндик болып жатса бизге Алеуметтик кордан  видеокомпьютер керек еди.

Жауап: 

Жауап:

Сіздің сауалыңызды мұхият қарап, келесіні хабараймыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектердің оңалту әлеуетін ескере отырып, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі ОЖБ) жасалады, ол организмнің бұзылған және жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және/немесе орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсiптiк оңалту шараларын қамтитын кешенді оңалту іс-шараларын айқындайды. 

ОЖБ-ға сәйкес мүгедектер Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындаған тізім және тәртіп бойынша протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі.

Бұған қоса, мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіліп, ымдау тілінің маманы, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі.

Мүгедектерді жоғарыда аталған оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз етудің тәртібі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысында айқындалған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары өз құзыреті мен құқықтары шегінде тиісті бюджеттер мен қайырымдылық қорлардың қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар  белгілей алады. 

Сонымен бірге, облыс, қала және аудан  әкімдері  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»  Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың басшыларын өз құзыреті шегінде тағайындайды.

Осыған орай, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органдарына хабарласуыңыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

К. Суханова

 

 

Сұрақтың нөмірі: 321565
6 ақпан, 2015 - 11:41 өзгертілді

Беттер

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші