A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» сұрақтар-жауаптар

Сәлеметсіздер ме!

Жауап: 

Төтенше және ең жоғары радиациялық қатерлі өңірлерде тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтарға зейнетақыға үстемақы көзделген (негізі: Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңы).

Ал, жоғарыда көрсетілген аймақтардан көшіп кеткен жағдайда, зенетақыға  қосымша төленетін үстемақының төленуі тоқтатылады.

Осыған байланысты, Семей қаласы  аталған аймаққа жатпайтындықтан (жоғары радиациялық қауiптi аймақ), Сіздің атаңызға экологиялық үстемеақы төлеуге заң негіздері жоқ.

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

ҚР Денсаулық сақтау

және әлеуметтік

даму министрі Т.Дюсеноваға

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Тойтобе көшесі №17 тұрғыны

Сейдин Закірден

Жауап: 

Жауап:  Сәлеметсізбе Гульнар Зиябековна!

Зейнетақы  төлемдерінің  мөлшері туралы

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негізгі өлшемдері ретінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы мен 1995 жылғы 1-ші қаңтардан бастап  үзілістерге қарамастан, қатарынан  кез келген 3 жыл жұмыстың орташа  айлық табысының  мөлшері  болып  табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қантардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан   Республикасының  «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы) (бұдан әрі – Заң).

Зейнетақы жарналарын төлеу жөнінде

Міндеттi зейнетақы жарналары  жұмысшының ай сайынғы тапқан табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленетіндігі жөнінде ескертеміз.

Бұған қоса айтатынымыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды (негізі: Заңның 24 бабы, 8 тармақшасы).

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу туралы толық мәлімет алғыңыз келсе жергілікті  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа немесе облысыңыз бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің  департаментіне  жолығуға  кеңес   береміз.

 

 

 

Орын. Байсабырова А.Қ.

 

Сұрақтың нөмірі: 321230
30 қаңтар, 2015 - 19:14 өзгертілді
Жауап: 


  
Сәлеметсіз бе,!

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - Қор) жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін бір реттік әлеуметтік төлемнің (бұдан әрі - ӘТжб) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде Қорға нақты төленген ай сайынғы әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - ӘА) (осы кезеңде ӘА үзілістердің болу-болмауына қарамастан) негізінде есептеледі.

ӘТжб құқық еңбекке уақытша жарамсыздық парағында (бұдан әрі - науқастық парағы) көрсетiлген жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс берiлген күннен бастап туындайды.

ӘТбк мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:

ОАТ - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.

ӘТжб мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс (бұдан әрі - ОАТ) мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде ӘА жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын 12-ге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:

ОАТ ӘТжб = ∑(АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ12) / 12

мұндағы:

АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

Сіздің жағдайыңызда ӘА есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген ОАТ мөлшері ӘТжб құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 10 ай ішінде ӘА жүргізілген табыстар сомасын 12 бөлу арқылы айқындалады.

Табысты алмастыру коэффициенті жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы 126 күнге берілген жағдайда, К = 126/30= 4,2).

Сондай ақ Заңның 26 - бабына сәйкес ӘТжб сомасынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналары ұсталынып қалады және бірыңғай зейнетақы қорына аударылады.

 

Орын: Жумажанова А.Б.

 

Сәлеметсіз бе Тамара Касымовна! Менің сәбиім "врожденная расшеление губы и мягкого , твердого неба" деген диагнозбен дүниеге келген. Менің сұрағым: туа біткен осы диагнозбен туылған мугедек балаларға өкімет канша ақша көлемінде көмек береді? Және қанша жасына дейін көмек береді? Және жалғызбасты анаға да көмек бере ме? Назар бөліп оқығанызға рақмет! Айгерім

Жауап: 

Жауабы.

 

Сәлеметсіз бе!

Мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Қолданыстағы заңнама аясында республикалық бюджет есебінен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.

Жәрдемақылар мүгедектiктiң белгілеген бүкiл кезеңiне тағайындалады.

Тіршілік ету әрекетінің шектелу, оның ішінде еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесіне қарай мүгедектік үш топқа бөлінеді.

Осыған байланысты аталған жәрдемақылар мөлшері мүгедектік топқа байланысты (он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 24 336 теңге мөлшерінде, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі (1-3 топтағы) мүгедек балаларға шамамен  33 291 теңгеден 20 711 теңге дейін) жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мүгедек баланы (18 жасқа дейін) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге ай сайын жалақының 1,05 ең төмен мөлшерінде (22 433 теңге) мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, төленеді.

Жергілікті атқарушы органдары тарапынан көрсетілетін көмек туралы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында «жалғызбасты ана» ұғымы жоқ. Осыған орай, мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік кепілдемелер жалпы негізде қаралады.          

Алайда, облыс, қала және аудан әкімдері өз құзыреті шегінде бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына оның ішінде аз қамтылған отбасыларына материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетуге құқылы.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға берілетін  жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Сонымен бірге, белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен болған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер бола аласыз.

Осыған байланысты, атаулы әлеуметтік көмекке және балаларға арналған жәрдемақыға үміткер болу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

?: Омирбекова А.

Сұрақтың нөмірі: 320960
28 қаңтар, 2015 - 16:02 өзгертілді

Менің әжем Бисенова Салима 1921 жылы  Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.Соғыс жылдары тылда жұмыс жасаған,ашып айтсам паровозда көмір тасып,от жаққан.  Қазіргі таңда мемлекет  тарапынан 16000 теңге жәрдемақы алады.  Әжеміздің еңбек кітапшасын  архивтерден таба алмадық. Аудандық Зейнетақы бөлімі еңбек кітапшасының болмауына байланысты ешқандай көмек көрсете алмады. Тәуелсіздігіміздің туын тік көтерткен, осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізді тірісінде бағаламасақ қашан бағалаймыз.Ең болмаса ең төмеңгі зейнетақыға шығарсаңыздар  екен деймін.

Жауап: 

Жауап:

ҚР-ның  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандару туралы» Заңының бұрынғы редакциясына сәйкес 5 және однда көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген аналар 53 жасқа толғанда 1998 жылдың 1 қаңтрына дейінгі 20 жыл еңбек стажымен жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы.

Егер әйел 58 жасқа толған кезде, бірақ 20 жыл еңбек стажы болмаған жағдайда, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажына пропорционалдық есеппен толық емес көлемдегі зейнетақы тағайындалады.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу  жөніндегі орталығының ақпараты негізінде, әжеңіздің зейнетақы ісіндегі құжаттар мұқият зерттеліп, төлем есептері ҚР заңнамаларына сәйкестігі тексерілді.

Қазіргі таңда әжейдің әлеуметтік төлемдері қолданыстағы заң нормаларына сәйкес есептелген.

Әжеңіздің еңбек стажы ескерілмеген жұмыс мерзімдерін растау үшін мұрағаттың анықтамасы немесе сот шешімі керек.

К. Суханова

Сұрақтың нөмірі: 319884
9 қаңтар, 2015 - 18:33 өзгертілді

Сәлеметсіз бе? Менің әкем 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан еді. Ол кезде зейнетке шыққан адамға мемлекет бюджетінен төленетін бірреттік төлемақының бар екендігі жайлы көп адамдар білмеді. Бізде білмедік. Биыл, яғни 2014 жылдын шілде айында тұрғылықты жеріміз бойынша аудандық зейнетақы төлем орталығына (Зайсан ауданы ШҚО) барып өтініш жаздық. Олар өтінішті қабылдады. Келіңіз деген уақытында екінші қайтара бардық, олар біз бәрін санап қойдық енді орталықтан растау (подтверждение) келу керек соны күтіп отырмыз деді.

Жауап: 

Мемлекеттік кепілдік алушылардың өтініштерін қарау мерзімі мен тәртібі «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде
сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі
кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет
кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №341 қаулысымен реттелген.

Сіздің әкеніздің мемлекеттік кепілдікті төлеуге қатысты құжаттар топтамасын қарау туралы нақты ақпаратты деректердің (ТАӘ, туған күні) болмауына байланысты ұсыну мүмкін емес.  

орын. Г. Әйнекібай

Сұрақтың нөмірі: 318054
18 желтоқсан, 2014 - 15:24 өзгертілді
Жауап: 

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомалары туралы мәліметтерді құрайды.

Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы түсуі туралы мәліметтерді ХКҚО-нан алғанда, Сіз міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомасын инвестициялық табысы қосылмағандығын көресіз.

Зейнетақы жинақтарының сомалары инвестициялық табысты ескергендегі БЖЗҚ-дан үзінділерінде ұсынылады.

Осыған орай, инвестициялық табысты ескергендегі зейнетақы жинақтары туралы үзіндіні алу үшін Сізге БЖЗҚ-на жолығуыңыз қажет.

орын. Д.Сыздыкова 

Сұрақтың нөмірі: 317510
8 желтоқсан, 2014 - 18:19 өзгертілді
Жауап: 

Қазіргі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомалары туралы мәліметтерді құрайды.

Осыған байланысты, міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызы түсуі туралы мәліметтерді ХКҚО-нан алғанда, Сіз міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын ұстап қалынған және аударылған сомасын инвестициялық табысы қосылмағандығын көресіз.

Зейнетақы жинақтарының сомалары инвестициялық табысты ескергендегі БЖЗҚ-дан үзінділерінде ұсынылады.

Осыған орай, инвестициялық табысты ескергендегі зейнетақы жинақтары туралы үзіндіні алу үшін Сізге БЖЗҚ-на жолығуыңыз қажет.

орын.Эксперт Д.Сыздыкова

Салематсыз ба! Сіздерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.

1) Еңбек кітапшасын зейнетақы тағайындайтын мекеме сұратқаны дұрыс па? Еңбек кітапшасының қажеттілігі қанша, егер 3 жылдық табысы туралы анықтама болса? Еңбек кітапшасын жүргізу міндетті емес деген жаңа заң шықты деп естілген еді, сол рас па екен?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметі бар құжат. Жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбаны енгізуге міндетті.

 Қолданыстағы зейнетақы заңнама бойынша 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезеңге зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек стажы еңбек кiтапшасымен расталады.

 Еңбек кiтапшасы жоқ немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттардың негiзiнде не сот шешімінің негізінде анықталады.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшiн орташа айлық табыстың мөлшерi жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртiппен белгiленедi.

      Заң бойынша әйелдер зейнеткерлікке шыққанда балаларының туу туралы куәліктері стажды есептегенде қажет болады, алайда  жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт саналады.

   Сонымен бірге, арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың аудандық/қалалық бөлімшесіне қажетті құжаттарын арызбен қоса тапсыруы қажет.

  Қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысымен бекітілген (негіздеме: «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы»).

Орынд. С. Шәмшікен

Сәлеметсіз бе! Бұл сұрақты мен өздеріңізге жыл басында қойған едім, естуімізше қазір сұрағымның жауабы өзгерген секілді. Жұмыссыз - 60 жастағы ер адам, зейнеткерлікке төмен зейнетақының ең төменгң мөлшерімен зейнетке шықпау үшін, қазірден жеке тұлға ретінде өз зейнетақы шотына ақша салып отыра алады ма және оның мөлшері қандай болуы қажет? Осы сұрағыма толық жауап беруіңізді өтінемін. Жауабыңызға рахмет! 

Жауап: 

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады. Оған қоса, 1998 жылғы 1-ші қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді (негізі: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  Заңы).

  Осыған орай, зейнетақы тағайындау кезінде бірыңғай зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналары емес ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы бойынша аударылған міндетті зейнетақы жарналары есепке алынады.

Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда көрсетілген табыс туралы мәліметтер мұрағат анықтамасы арқылы дәлелденеді.

  Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына жолығуыңызға болады.

Азаматтардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын бөлiп шығаруға  құқығы бар. Оларды фондта ашқан жеке зейнетақы шотына өз бетiмен  кiргiзе алады.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебінен жиналған жинақ ақшалары оған болашақта қосымша табыс көзі  болуы  мүмкін.

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

Сұрақтың нөмірі: 317280
26 қараша, 2014 - 18:20 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші