A A A
Мазмұнына өту

You are here

«Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру» сұрақтар-жауаптар

Менің сіңлімнің қызы 13 жасында 2011 жылы 6 ақпан күні анасынан жетім қалды. Әкесі 2002 жылы ажырасып басқа отбасында тұрады, онда 3 баласы бар. Қызымен бірге тұрмайды.Маған "опекунство" беруге де келісімін бермей, тек қол хат (доверенность) берді.Ол баласының анасынан айырылғандығы жөнінде зейнетақысын тағайындаудан да бас тартты, анасы бар кезінде алимент төлемеген, сол 2002 жылдан бері тек жылына бір - екі рет сыртқы киім алып берген.

Жауап: 

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдары қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамның тұрғылықты жерi бойынша не қамқорлыққа жататын мүліктің орналасқан жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiлейдi. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының немесе қамқоршының тұрғылықты жерi бойынша белгiленуi мүмкiн. Осыған орай, қорғаншылық алуыңызға тұрғылықты жері бойныша білім бері басқармасына хабарлауңыз қажет.

Сонымен қатар, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерiнің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы).

Алимент алу жөнінде сот органдарына  жолығуыңызға болады. 

 

 

 

БӘҚК сарапшысы  Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 306524
13 мамыр, 2014 - 16:28 өзгертілді

Менің шешем 1939ж туылған, соғыста қаза болған жауынгердің баласы! Қазіргі кезде көп балалы ана ретінде, пенсияға жәрдем ақы алып отыр. Неге "Тыл"дарға берілетін жәрдем ақыны қосып ала алмайды? Әлде екеуін бірге алуға болмай ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

  Сіздің анаңыз туралы толық мәлімет болмағандықтан (туған жылы, аты-жөні, тұрақты мекенжай) толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына жолығуына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306395
28 сәуір, 2014 - 10:08 өзгертілді

Менің шешем 1939ж, соғыста қаза болған жауынгердің баласы! Қазіргі кезде көп балалы ана ретінде, пенсияға жәрдем ақы алып отыр. Неге "Тыл"дарға берілетін жәрдем ақыны қосып ала алмайды? Әлде екеуін бірге алуға болмай ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе!

Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді (негізі: ҚР «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңы).

  Сіздің анаңыз туралы толық мәлімет болмағандықтан (туған жылы, аты-жөні, тұрақты мекенжай) толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына жолығуына болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орынд:  «ЗТМО»РМҚК маманы Кокушева Ж.

 

Сұрақтың нөмірі: 306394
28 сәуір, 2014 - 10:09 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме? Сұрағыма жауап бергендеріңіз үшін рахметімді айтамын. Бірақ бұл заңда неге сол жерде өмір сүріп жатқан жұмыссыз азаматтарға төлемдер қарастырылмаған? Өмір бойы сол ауамен дем алып, сол суды ішіп жүрген азаматтарға неге төленбейді?

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған және тұратын азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы төленеді (негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының  1992 жылғы 18 желтоқсандағы  № 1787 Заңы  12 бабы).

Бұл төлем бір жолғы, яғни ақшалай өтемақы бір рет қана беріледі, осы аталған өтемақыны алу үшін, тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуыңызға болады.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселе бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӘҚК сарапшысы Ж.Сина

Сұрақтың нөмірі: 306334
28 сәуір, 2014 - 17:24 өзгертілді

менің әкем 1933 жылы туған,соғыс басталғанда сегіз жаста болды,атамды соғысқа алып кетсе керек,әжем екеуі колхоздың жұмысында болды.Қандай әлеуметтік төлем тағайындалады,ешқандай бақытты балалық шақ болған емес қазір зейнетақысын ғана алады

Жауап: 

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап соғыс жылдары тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдардың 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істеген фактiсiн растайтын құжаттардың негізінде  арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау құқығы қарастырылған.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген) жұмыс стажы туралы құжаттар болмаған немесе толық ұсынылмаған кезде, соғыс жылдарындағы жұмыс стажын әкімдердің шешімімен құрылатын, арнаулы комиссиялар белгілей алады. Олардың құзырына ұсынылған құжаттарды құқықтық бағалау, жұмыс стажын куәгерлер айғақтамалары бойынша белгілеу, өтiнiш берушінің жұмыс стажын белгілеу үшін қажетті құжаттарды сұрату және басқа да мәселелер кіреді.

Арнайы комиссия 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс стажын белгілеу (немесе белгілеуден бас тарту) туралы шешім шығарады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау және төлеу тәртібі “Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы” ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.

Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақшалай төленеді.

Сіз аталған жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша зейнетақы төлеу орталығына хабарлауыңызға болады.

 

 

Орын.: Сарапшы БӘҚК Сина Ж.

Сұрақтың нөмірі: 306328
4 мамыр, 2014 - 12:19 өзгертілді

Мен Астана қаласының тұрғыны Аубакирова Алима 01.12.1955 жылы бұрынғы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келдім.

1973 жылдың 1 тамызынан бастап 1996 жылдың 13 ақпанына дейінгі еңбек өтілім бар. Яғни, 1998 жылғы зейнеткерлік реформаға дейінгі еңбек өтілім 23 жыл.

Алты баланың анасы, күміс алқа иегері ретінде 2008 жылы зейнетке шықтым. Сол кездегі тағайындалған зейнетақы мөлшері мен http://egov.kz/ порталынан алған зейнетақы төлмедерін тағайындау туралы анықтамада көрсетілген сомалардың сәйкес келмейтіндігін байқадым.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Алима Сыдыққызы!

Сіздің қойған бірінші сауалыңыз бойынша зейнетақы іс-құжатыңызға тексеру жұмыстары жүргізіліп, зейнетақы төлемдеріңіздің мөлшері заңнама шарттарының орындалуына толық тексерілді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, зейнетақы төлемінің мөлшеріне әсер ететін  негізгі  өлшемдері болып  1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек стажы және зейнетақы  есептелетін 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап  кез келген 3 жылдың  орташа айлық табысы болып табылады. Бұл ретте, 1998 жылғы 1-ші қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленді

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін  толық көлемінде тағайындау 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық еңбек стажы әйелдерге 20 жыл болған  жағдайда (жасы 58-ге, ал жеңілдікпен, көп-балалы аналарға - 53-ке толғанда) көзделген.

Егер қолданыстағы зейнетақы заңнамаларымен  талап етілген орташа айлық табысы туралы мәліметтер болмаған жағдайда немесе орташа айлық табыс ең төменгі деңгейде болса, зейнетақы төлемі де ең төменгі мөлшерде тағайындалады. 

Зейнетақы ісіңіздегі құжаттарыңыз бойынша 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Сізге жасыңызға байланысты зейнетақы 31 жыл еңбек стажыңызға, бірақ, орташа жалақы туралы анықтаманың ұсынбауыңызға байланысты, кепілдендірілген ең төменгі мөлшерде тағайындалғаны анықталды. Оның мөлшері республика бойынша 2008 жылы 7900 теңгені құраған болатын. Ал, базалық зейнетақы мөлшері 5388 тенге болды.

Кейіннен Заңды басшылыққа ала отырып, зейнетақы төлемдері мөлшерінің жыл сайынғы арттырылуы әр зейнеткердің іс-құжаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі  бекіткен  тәртіпте  жүргізілді.

Яғни, бүгінгі күні барлық арттыруларды ескере отырып, Сіздің алып отырған әлеуметтік төлемдеріңіздің жалпы мөлшері 44 912  теңгені  (зейнетақы  төлемі – 22 609 теңге; базалық   зейнетақы  төлемі – 10 450 теңге; «Күміс Алқа» төс белгісімен марапатталған аналарға тағайындалатын жәрдемақы – 11 853 теңге) құрап отыр және олар заңнамалар шарттарына сәйкес дұрыс есептелген.

Екінші сұрағыңыз бойынша қосымша келесіні хабарлаймыз.

Сіз  айтып отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы  жиналған сомаларыңыз    құпия болып табылатындықтан, ол жөніндегі мәліметті Сіз тек сол аударған  қордан ала аласыз.

 

 

 

 

Орын. ЗТМО РМҚК Байсабырова А.Қ.

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 305901
18 сәуір, 2014 - 16:10 өзгертілді

Менің анам Жумаева Амангул 1956 жылы 4-қаңтарда Өзбекстан Республикасында туылған. Жалпы еңбек өтілі 38 жыл, 5 баланың анасы. Өзбекстанда мектепте мұғалім болып жұмыс жасап, 2006ж зейнетке шыққан. 2013ж қазан айында атамекенге қоныс аударып, 2014ж 26-ақпанда Маңғыстау облысы бейнеу ауданына тұрақты тіркеуге тұрды. Өзбекстан паспорты мен ЖСН-і бар, құжаттарын шетелдіктің тұру ықтыярхатына (вид на жительство) тапсырды. Осы азаматшаға зейнетақы тағайындауға бола ма?

Жауап: 

Сәлеметсіз бе! 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы тағайындау ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады (негізі: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысы (будан әрі - қаулы).

Қаулыға сәйкес зейнетақы тағайындау кезінде азаматтардың өтініші ұсынады. Оған қоса, басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруына ыхтияр хат, оралман куәлігі) қоса беріледі.

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

Сұрақтың нөмірі: 304933
11 сәуір, 2014 - 12:11 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме! Мен Ақмола облысының Целиноград ауданында Жеке кәсіпкердің  магазинінде сатушы болып жұмыс жасаймын. жұмыс жасағаныма 3 ай болды. ай сайын зейнетақы аударылымы жасалып тұрады. қазіргі уақытта аяғым ауыр. 4 ай болды. ендігі кезекте менде мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтын әйелдер сияқты 7 айдан соң декреттік демалыс алуыма болады ма? мен жұмыс жасайтын ИП да басшы зейнетақы аударымын өзі жасап тұрады. Сіздерден жауап күтемін.

Жауап: 

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс жасайтын азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналарымен қатар, міндетті әлеуметтік жарналары жүргізіледі.

Осыған орай, туындаған әлеуметтік қатер жағдайына байланысты  әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан - әлеуметтік  төлемдері жүргiзіледі.

Сондай-ақ,  жүктiлiкке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемі (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) қарастырылған.

Аталған әлеуметтік төлем, жүргізілген әлеуметтік жарналарына байланысты  еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде тағайындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын.: Сарапшы БӘҚК Омирбекова А.Р.

Сұрақтың нөмірі: 304865
10 сәуір, 2014 - 16:57 өзгертілді

Мен, Астана қаласының тұрғыны Аубакирова Алима Сыдыковна 01.12.1955 жылы дүниеге келдім. Алты баланың анасымын, күміс алқам бар. Осыған байланысты зейнетке ерте шығып ай сайын зейнетақы алып келемін. Былтыр жасыма байланысты зейнеткерлікке шығу керек екенімді ұмытып кетіппін. Мен кеңес одағы кезінде де тәуелсіздік алған жылдарында да жұмыс істедім, зейнетақы қорымда жинақтарым болу керек еді. Енді, соны алуыма қандай құжаттарымды алып қайда тапсыруым керек екенін айтып берсеңіз.  

Жауап: 

Құрметті Әлима Сыдыққызы!

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, 53 жасқа толғанда, жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы (негізі: ҚР-ның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы ).

Сізге көп балалы ана ретінде жасыңызға байланысты зейнетақы 2008 жылдың 9 желтоқсан айында тағайындалған.  

Сол себептен, Сізге зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

 

 

 

 

 

 

Орын.  «ЗТМО» РМҚК  маманы С. Дускалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтың нөмірі: 304727
3 сәуір, 2014 - 11:00 өзгертілді

Сәлеметсіздер ме? Менің анам Айтпаева Кульназия 10.12.1957 жылы туған,ИИН 571210401797 Он жылдан астам уақыт екінші топ мүгедегі, кәмелеттік жасқа толмаған 1 баласы бар,Биыл яғни, 13 наурыз 2014 жылы мерзімсіз (бессрочно) мүгедек ретінде 2 топ мүгедектігіне өтті. Наурыз айының жәрдемақы небәрі 8400 теңге төленді. Зейнетақы қорындағы қызметкерлер "бізде перерасчет", енді жәрдемақыңызды мамыр айында ғана аласыз деп жауап берді.Сонда 2 ай мүгедек жан қайтып күн көрмек? 22 000 теңге жәрдемақыға қарап отырғанда оның жағдайы мынадай болды.

Жауап: 

ЗТМО Қарағанды облыстық филиалының мәліметі бойынша, жалпы аурулыктыц 2 топ мүгедектігіне байланысты мемлекетік әлеуметік жәрдемакы (бұдан әрі - МӘЖ) және арнаулы мемлекетік жәрдемақы (бұдан әрі - АМЖ) алушы болып табылатын 10.12.1957ж.т. Айтпаева Кулназия 12.03.2012ж. № 0678599 МЭС аныктамаға сәйкес мүгедектігіне байланысты МӘЖ және АМЖ  11.03.2014ж. дейін науырызда төленді.

         К.Айтпаеваның қайта куәландыру туралы 13.03.2014ж. №1119086 анықтаманың көшірмесі ЗТМО облыстық филиалға 2014ж. 17 наурызында жеткізілді.

         Кестеге сәйкес ЗТМО Қарқаралы бөлімшесіне арнайы байланыс аркылы корреспонденция жіберуі апта сайын дүйсенбі күне іске асырылады.

         Мейрамдар және демалыс күндеріне байланысты «Қазпошта» АҚ ҚОФ арнайы жіберу кызмет арқылы келісімшарт бойынша К.Айтпаеваның мүгедектігіне бойынша анықтаманың көшірмесі ЗТМО Қарқаралы бөлімшесіне 26 наурызында жіберілді.

         Мүгедектігі бойынша мемлекетік әлеуметік жәрдемақы және арнаулы мемлекетік жәрдемақы төлемдерін ұзарту электрондық шешімдерін жобалары 2014ж. 31 наурызында жасалынды және К.Айтпаеваның төлемдері Қарағанды облысы бойынша бақылау және әлеуметік қорғау Департаментінің 2014ж. 01 сәуірдегі шешімімен 13 наурыздан бастап: мүгедектігі бойынша МЭЖ және АМЖ бұрынғы уақыттың қосымша төлемімен МЭЖ және АМЖ мамыр айының қажеттілігіне енгізілді.

  орын. Специалист ГЦВП А.Кенжебаев

            

Сұрақтың нөмірі: 304566
2 сәуір, 2014 - 16:57 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші