check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 

Менің Сізден сұрайын дегенім, 2018 жылғы алынбай қалған сауықтыру жәрдемақысын (оздоровительный пособия) осы жылы алсам болама және осы 2019 жылдың сауықтыру жәрдемақысын (оздоровительный пособия) жылдың соңында ала алам ба?

Жауап: 

Құрметті Елжан Шамгонович!

 

ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

Қарастырып отырған жағдайда, еңбек лауазымның айлықақы мөлшерінде жәрдемақы тек еңбек демалысы берілген кезде төленуге тиісті, бұл дегеніміз 2019 жылы еңбек демалысына шыққан жағдайда тек ағымдағы жылға арналған сауықтыруға арналған жәрдемақыны аласыз.

Сұрақтың нөмірі: 361074
7 маусым, 2019 - 21:31 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

                                                      Қайырлы күн!!!

                                      Жұмыстарыңның жемісті болсын!!!

Жауап: 

А. Махатаевқа

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,

Самал шағын ауданы, 22 үй, 27 пәтер

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Халықты жұмыспен қамту департаменті Сіздің жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету туралы өтінішіңізді өз құзыреті шегінде қарап, келесіні хабарлайды.

2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі − Заң) сәйкес мемлекет азаматтарға жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға, жұмыс таңдау мен уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмысқа орналастыруға басымдық береді.

Заңға сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі − Орталық) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетеді, жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді.

Жаңаөзен қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, қоғамдық жұмыс орындары ұсынылды, алайда өз еркіңізбен бас тарттыңыз.

Сондай-ақ, Орталыққа «Өзенмұнайгаз» АҚ-на қарасты мекемелерден бос жұмыс орындарына сұраныс түспеді.

Бұл ретте, жұмыс іздеп жүрген адам жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс (Заңның 13-бабы, 3-тармағы).

Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар екенін ескере отырып, жұмыс берушіге жұмысқа орналастыру барысында қандайда мәжбүрлеу нысандары, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан заңнамамен тыйым салынатынын қосымша хабарлаймыз.

Осылайша, Орталық жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді, ал жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды.

Сонымен қатар, еңбек қатынастары мәселелері бойынша тұрғылықты мекенжайыңыздағы Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуді ұсынамыз.

Баяндалғандарды ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын алу қажеттілігі, сондай-ақ осы мәселелермен байланысты басқа да сұрақтар туындаған жағдайда, тұрғылықты мекенжайыңыздағы Орталыққа жүгінуді ұсынамыз.

Осы жауаппен келіспеген жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы заңының 12-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінуге құқылы екеніңізді ескертеміз.

Сұрақтың нөмірі: 360995
17 маусым, 2019 - 19:37 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Ассалаумағалейкум. Сіздерден сұрайын дегенім мен жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік көмек жөнінде консультантпын. Жақында отбасылы болып едім. Отабасылы болуға байланысты бір жолғы әлеуметтік төлем төленедіма екен? Қандай заңға сүйене аламыз?

Жауап: 

Құрметті Бекдәулет Мизамғалиұлы, сәлеметсіз бе!

 

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 107 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады.

Сонымен қатар, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қаулыға сәйкес ұйымдардың басшыларына кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілген.

Бұл ретте, жұмыскерге сыйақы төлеу ұйымның ережесі негізінде және үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылады, осы орайда аталған сұрақ бойынша Сізге басшылыққа жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.

Сұрақтың нөмірі: 360788
6 маусым, 2019 - 10:17 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме,

Сіздерден төмендегі сұрақ бойынша шұғыл түрде жауап берулеріңізді сұраймын.

Қысқаша жағдайды түсіндіру:

Жауап: 

Құрметті Ұлдана Құралбайқызы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97-бабы 1 тармағына сәйкес еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Осылайша, жалақы сақталмайтын демалыс берілуі келісім бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 360743
22 мамыр, 2019 - 13:06 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме,

Сіздерден төмендегі сұрақ бойынша шұғыл түрде жауап берулеріңізді сұраймын.

Қысқаша жағдайды түсіндіру:

Жауап: 

Құрметті Ұлдана Құралбайқызы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97-бабы 1 тармағына сәйкес еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Осылайша, жалақы сақталмайтын демалыс берілуі келісім бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 360741
22 мамыр, 2019 - 13:05 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе. Лаборант болып қызмет етіп жүрген қызметкер "медбике ісі" мамандығы бойынша бакалавр бітірді Ресйден, сосын "клиникалық зертқаналық диагностика" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Енді қазір таңда "сапаны бақылау менеджері" лауазымында қызмет атқарады. Оның еңбек ақысын қандай коэффицентпен төлейміз. Дәрігер немесе жоғары білімі бар орта буын қызметкері  ме? дәрігер болса. лаборант болып жасаған еңбек өтілі қысқартылып қалама?

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулының 4-тармағына сәйкес тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Бұл ретте, денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген, оған сәйкес:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі менеджер С2 буыны бойынша;
- бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі менеджер С3 буыны бойынша анықталған.
Сонымен бірге жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша қосымша ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сондай-ақ, егер Сіздің ұйымыңыз жеке ұйым (шаруашылық жүргізу құқығындағы МК, АҚ және т.б.) болып табылса, бұл жағдайда Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дербес анықталады.

Сұрақтың нөмірі: 360529
6 мамыр, 2019 - 19:26 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіз бе!!! Маған мына мәселе бойынша толық әрі нақты жауап беріңіздерші, өтініш. Университет оқытушы декреттік демалыстан соң жұмысқа шыққанда оның 1 ставкасы сақтала ма? Әлде жұмыс беруші штаттың қысқаруы сылтауымен 0,25 ставкаға жұмысқа қабылдауы заңды ма? Жауаптарыңызға алдын ала рахмет!!!

Жауап: 

Қазақстан Республиксы Еңбек кодексінің 100-бабының 3 тармағына сәйкес бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Осылайша, жұмыскер декреттік жұмыстан шыққансоң бір ставкасы сақталады.

Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсыз.Мұғалімді директордың қандай жағдайда жұмыстан шығаруға құқығы бар

Жауап: 

Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабында көзделген.

Сұрақтың нөмірі: 360166
29 сәуір, 2019 - 20:08 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Саламатсызба! 2014-2018 жылдар аралыгында жумыс жасаган мекеме экологиялык коэффицентсыз айлык толеген. Алматы енбек департаменти тексермеди арызды. Калай ондирип алуга болады?

Жауап: 

Сәлеметсізбе, Айгерім! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.
Осы орайда, облыстың еңбек инспекциясы тарапынан шағымыңыздың қаралмауы мәселесіне қатысты Сізге жазбаша түрде облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторына шағымдану немесе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арыз жолдауыңыз қажет.
Жалпы түсініктеме ретінде, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 127-1-бабынан экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда жұмыскерлерге берілетінін назарыңызға саламыз.
Демек, «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 13-бабында көзделген коэффициенттер қолданылатын еңбекақы мен қосымша еңбек демалысы (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне), сонымен бірге жыл сайын сауықтыруға арнап қолданылып жүрген төлемдердiң үстiне бiр айлық тарифтік ставка немесе қызметтiк айлықақы көлемiнде материалдық көмек Заңмен белгіленген аймақтарда жұмыс атқарып тұратын халыққа (зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан) беріледі.

Сұрақтың нөмірі: 360149
4 мамыр, 2019 - 21:54 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 

Салеметсізбе!  Мен мемлекеттік балабақшада 0,5ст есепші ретінде жұмыс істеймін. Декреттік демалыстан кейін жұмысқа шықтым. Менің 2 банктан өтелмеген кредитім бар. Енді сол банктер еңбекақы алатын карточка ашпай отыр. Кредитімді өтейтін жағдайым болмай тұр себебі алатын айлығым 30000тг ғана және 4 балам бар, куйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ көбінесе үйде бала қарайды. Менің сұрағым басқа адамға сенімхат беріп сол адамнын банк карточкасынан еңбекақымды алсам болама?

Жауап: 

ҚР Еңбек Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.
Жұмыскер Кодекстің 22-бабына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне құқығы бар.
Жалақыны үшінші тұлғаға аударуы заңнамамен қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
Осыған орай, келісім бойынша жұмыскердің жалақысын аударуын оның арызын нотариалды растаумен жалақысын аударуын мерзімін көрсете жұмыс беруші үшінші тұлғаға аударуға құқылы.
Сонымен қатар, басқа жұмыскердің карточкалық есеп шотына жалақыны аударуы бойынша жауапкершілікке жол жоқ.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші