A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 
Ассалаумалейкум!Қызметкермен Жұмыс беруші тек қана этикалық себептер бойынша бір ай алдын-ала ескертіп еңбек шартын бұза алады ма, әлде оған тек Еңбек Кодексінің 54-ші бабында көрсетілген жағдайлардың негізінде ғана бұзу керек пе?
Жауап: 

Құрметті Ерлан!Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (онан әрі- Кодекс) этикалық ұғым және оған байланысты себептермен еңбек шартын бұзудың негіздері қарастырылмаған.Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері Кодекстің 54 бабында, ал қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, Кодекстің 57 бабында көрсетілген.Еңбек шартын бұзу үшін бір ай бұрын ескертудің қажеттілігін айтатын болсақ, Кодекстің 56 бабының 1ші тармағы бойынша, егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Қазбеков Думан Қабдуұлы бас маман – бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 208774
26 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Енбек кау1пс1зд1г1 саласында республикамызда OHSAS стандарты калай пайдалануда?
Жауап: 

Министрліктер және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының Әкімдіктерімен бірге кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелерін OHSAS 18001:1999 стандартын, МОТ – СУОТ 2001 ILO - OSH 2001 еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық стандартын және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын енгізуде аумақтық жоспарлар қабылданды.

Еліміздің өндіріс ұйымдарында шетелдік үздік өндіріс орындарында кеңінен пайданалып жүрілген OHSAS 18001:1999 стандарты, МОТ – СУОТ 2001 ILO-OSH 2001 еңбек қорғауды басқару жүйесі халықаралық стандарты енгізілуде.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі 42 өндіріс ұйымдарда кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің OHSAS 18001:1999 стандарты енгізілді.

Осы OHSAS 18001:1999 стандарты негізінде Қазақстан Республикасының екі мемлекеттік стандарты:

Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі Ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын жалпы тараптар. ҚР СТ-12.0.001-2005;

Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері.Талаптар.

ҚР СТ 1348-2005 (OHSAS 18001:1999, МОD), қабылданғанын хабарлаймыз.

Орындаушы: Шорманов С.Т.- еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бөлімі бастығы

Сұрақтың нөмірі: 208644
18 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Бастығым менің жүкті екендігімді біліп, мені жұмыстан босатпақшы болды. Ол маған аналық кезімдегі және босану жағдайындағы демалысқа және т.б. қаражат төлегісі келмей отырғандығын жұмыстағы әріптестерімнен естідім. Осындай жағдайда менің не істеуім керек?
Жауап: 

- Егер әйел еңбек шартының мерзімі аяқталған күні мерзімі 12 апта және одан көп апта жүктілігі туралы медициналық қорытындысы ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті. Қызметкерлер штатының қысқартылуын сылтау етіп, оларды жұмыстан босата алмайды. Жұмыс беруші оларды жұмыстан босатудың басқа себептерін іздестіруі мүмкін. Сіздің ондай жағдайда өз құқығыңызды қорғау үшін сотқа жүгінуіңіз керек.

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208342
3 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мен жарнамалық агенттікте жұмыс істеймін. Менің еңбек шартымда жұмысқа кешіккенім үшін қаржылай тәртіптік жаза қолдану көрсетілген. Осы жағдай заңды ма?
Жауап: 

- Бұл жағдай заңды емес, себебі Кодекстің 72 бабына сәйкес еңбек тәртібін бұзғандығы үшін (жұмыс кешігіп келуі) жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) осы кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208341
3 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Мен жұмыс берушінің қызметкердің құқығын бұзғаны үшін азын аулақ айыппұл немесе ескерту түрінде тәртіптік жаза берілетіндігін естідім. Егер осылай болатын болса арызданудың немесе сотқа жүгінудің қажеті бар ма?
Жауап: 

- Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 30 қаңтарындағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 87-бабында көрсетілгендей жұмыс берушімен еңбек заңнамасы әртүрлі жағдайда бұзылғанда оның басшысына айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері 5-тен 200-ге дейін айлық есептік көрсеткішке (әрі қарай АЕК), (2008 жылдың 1 қаңтарынан АЕК 1168 теңге тең, яғни айыппұл сомасы 5840-пен – 233600 теңге аралығында). «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережесі бұзылғанда» 89-бабына сай тәртіп бұзушыға (жұмыс берушіге немесе басшыға) орташа 20 мен 50 АЕК сомасында айыппұл салынады. Ескерту түрінде әкімшілік жазаның басқа түрі еңбек заңнамасында көрсетілмеген.

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208340
3 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Бос лауазымдарға орналасу туралы жарнамалық хабарландыруларда көбінесе қажетті үміткерлерді қабылдауда шектеулер қойылып отырады. Осындай сипаттаманың ішінде бірнеше рет төмендегілерді: жасы 35-ке дейін, еуропалық ұлттан болуы, мүмкіндігінше ер адам керек және т.б. кездестірдім. Бұл қаншалықты заңды?
Жауап: 

- Еңбек саласындағы кемсітушілік көрініп-ақ тұр, ал бұл заңмен тиым салынған. ҚР Еңбек кодексінің 7-бабында (әрі қарай Кодекс) айтылған: ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемісітушілік болып табылмайды. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы (мәселен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне).

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208339
3 наурыз, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Қазақстан Республикасының еңбек Кодексіне қазақ тіліндегі қысқаша комментарий керек еді.Бар болса жіберулеріңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Самат! Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінің комментариі қазақ тілінде «Қазақстандағы ХКЭДО» ЖШС даярлауда.

«Қазақстандағы ХКЭДО» ЖШС мекен жайы: Алматы қаласы, «Таугуль-1» шағын ауданы 47 «Г» үй, эл. адресы: info@mcfr.kz.

Орындаушы: Жұмағұлов Б. – бас маман

Сұрақтың нөмірі: 207732
24 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеу сағаттары
Жауап: 

Күнделікті жұмыстың ұзақытығы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіннің (одан әрі - Кодекс) 82 бабы бойынша жүзеге асырылады.Атап айтқанда, бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақты жұмыс аптасының белгіленген ұзаұтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдыќ шартпен белгіленеді.Егер  өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда, Кодекстің 84 бабы бойынша, ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді.Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді.Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым салынады.Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін, Кодекстің 202 бабы бойынша, жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша айқындайды.
Орындаушы: Қазбеков Думан Кабдуұлы – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы

Сұрақтың нөмірі: 207725
22 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтері қандай санаттағы мүгедектерге көрсетіледі?
Жауап: 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) жеке көмекшінің қызметі жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге, ымдау тілі мамандарының қызметтері есту бойынша мүгедектерге көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 74 қаулысымен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Ереже), мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі мамандарының, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтері мүгедектердің өмір сүру әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу нәтижесі ескеріліп, тек шынайы мұқтаж мүгедектерге ұсынылады.

Сұрақтың нөмірі: 207710
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді
Сұрақ тақырыбы: 
Еңбек мигранттарына Әлеуметтік жеке код тағайындала ма?
Жауап: 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 4-тармағы және 35-бабы). Қазақстан Республикасына азаматтығын өзгертуге байланысты емес еңбек миграциясымен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болуы тиіс. («Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы). Осыған орай, еңбек мигранттары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар болып есептелмейді. Әлеуметтік жеке код – ол зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын азаматтарға, сондай-ақ (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын) тұлғаларға берілетін тұрақты код және де ол Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген және зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға жатпайтын еңбек мигранттарына тағайындалмайды.

Сұрақтың нөмірі: 207709
18 қаңтар, 2008 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші