check
A A A
Мазмұнына өту

You are here

Сұрақ-жауаптар «Еңбек құқығы мәселелері»

Сұрақ тақырыбы: 
Мен негізгі жұмыстан басқа қоса атқаратын жұмыс істеймін, бұл жағдайда жұмыс уақытының ұзақтығы қандай болады және демалыс қалай беріледі?
Жауап: 

- Кодекстің 198 бабына сәйкес қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82 бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.

Мәселен Кодекстің 82 бабына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс аусымының) ұзақтығы:

1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс аусымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда – 5 сағаттан аспауға тиіс.

2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс аусымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауғы тиіс.

Кодекстің 199 бабына сәйкес, қызметкерлерге қоса атқаратын жұмыс кезіндегі жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:

1. Қорса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалысымен қатар беріледі.

2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы – қызметкердің өтініші бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.

Орындаған: Оразымбетқызы А. тел.: (87262)459622

Сұрақтың нөмірі: 208323
3 желтоқсан, 2007 - 00:00 өзгертілді

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші