A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Аз қамтамасыз етілген балалы азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы мәселесі бойынша республикалық семинар-кеңес өткізу туралы

Аз қамтамасыз етілген балалы

азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы

Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы

мәселесі бойынша республикалық семинар-кеңес өткізу туралы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Алматы қаласы 2006 жылғы 26 қазан

26-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Алматы қаласының базасында аз қамтамасыз етілген балалы азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуы мәселесі бойынша республикалық семинар-кеңес өткізеді.

Семинар-кеңестің жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу жөніндегі заңнаманы іске асыру мәселелерімен айналысатын облыстық, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінің бөлім бастықтары қатысады.

Семинар шеңберінде аз қамтамасыз етілген балалы азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жергілікті атқарушы органдардың үстіміздегі жылдың 9 айындағы орындау мәселесі қаралады.

Сондай-ақ, семинар барысында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төлемі мен атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Изменён 26 октября, 2006 - 00:00
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий