A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығының жұмысымен танысты.

            Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауқаласындағы оралмандардыбейімдеу және кіріктіру орталығыныңжұмысымен танысты. Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығыағымдағы жылғысәуір айында пайдалануға берілді. Бұл - республика бойынша атамекенге оралған қандастарға арналғаналғашқы орталық.Мемлекеттік мекеме құрылысына республикалықбюджеттен 1,8 млрд. теңгеқаражат жұмсалған.

             Орталық 2 жеті қабатты жатақханадан және әкімшілік ғимаратынан тұрады. Жатақханалар 200 оралман отбасын 6 ай мерзімге уақытша қабылдауғаесептелген. Онда қажетті тұрмыстықтехникамен жабдықталғанпәтерлер және «Балапан» балаларға арналған шағын орталықтар бар.Коммуналдық қызметтертегін көрсетіледі. Орталықта қандастарымыздыкөшіп келу квотасына енгізу, қазақ және орыс тілдеріне, қажетті кәсіби мамандыққа,Қазақстанның негізгізаңнамаларын оқыту,жұмыспен қамту,шағын кәсіпкерлікпенайналысуға көмеккөрсету тәріздібейімделу қызметтері көрсетіледі.

            Маңғыстау облысына 1991-2010 жылдары 27528 оралман отбасы немесе 99552 адам көшіпкелді. ҚР Президентінің2009-2011 жылдарға арналғанЖарлығына сәйкес,ағымдағы жылы облыс бойынша 2500 оралман отбасына квота белгіленген. Қаңтар-мамырайларында көшіп келу квотасына 1168 отбасы немесе 4471 адам енгізілді.

Изменён 9 июня, 2010 - 00:00
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий