A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік –еңбек салаларына қатысты тапсырмаларына орай өткізілген Министрліктің Алқа мәжілісінің БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ 

Елбасы Н.Назарбаевтың әлеуметтік –еңбек салаларына қатысты тапсырмаларына орай өткізілген Министрліктің Алқа мәжілісінің 
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ  
 21 сәуір 2011 ж. сағ:16:00.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті міндетіне кірісуінің салтанатты шарасында және сәуір айында өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында әлеуметтік-еңбек салаларына қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру барысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. 
Алқа мәжілісі отырысы бейнеконференция пішінінде өтіп, оған Министрліктің, Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің, бағынысты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары қатысты. 
Алқа мәжілісінде министр Г.Н. Әбдіқалықова баяндама жасады. Баяндама барысында Министр жаңадан қабылданған халықты «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесіне ерекше тоқталды. Барлық лауазымды тұлғаларға бағдарламаны жүзеге асыруды толық әрі уақтылы қамтамасыз ету мақсатында бар мүмкіндікті пайдаланып жұмыс істеуге тапсырма берілді. Бүгінгі таңда бұл ел халқынының әл-ауқатына, әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін министрліктің алдына қойылған маңызды мәселелердің бірі болып табылады.  
  Жиын барысында – мақсатты индикаторлардың жүзеге асыру мен жетістігін, министрліктің Стратегиялық жоспарының әлеуметтік-еңбек саласындағы шаралардың орындалуы мен нақты нәтежие көрсеткіштерін қамтамасыз ету, Елбасы тапсырмаларын уақтылы әрі толық көлемде орындау бойынша тапсырмалар берілді. Аумақтық департамент басшыларына прокуратура органдарымен және әкімдіктермен бірлесе отырып жұмысшылардың жалақы қарыздарын болдырмау бойынша түбейгейлі шаралар қабылдау мәселесі алға қойылды. 
Сонымен қатар, қызметкерлермен жұмысты және сыбайлас-жемқорлықпен күрес мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Бұл арада аталмыш мәселе бойынша министрлікке қатысты барлық салаларда лайықты дәрежеде жұмыс жүргізілмей отырғандығы, соның салдарынан кейбір салаларда сыбайлас-жемқорлық фактілерінің көрініс тауып отырғандығы айтылды. 
Министр барлық жетекшілерді олардың өз қарамағындағы қызметкерлерінің, жүйенің салалық бөлімшелерінің жұмысына дербес жауап беретіндігі жөнінде ескертті.  
Алқа Мәжілісі қортындысы бойынша бірқатар сәйкес шешімдер қабылданды. 
 Баспасөз қызметі

 

Изменён 21 апреля, 2011 - 16:43
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий