A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Қазақстанда 29 мыңнан астам шетелдік мигранттар жұмыс істейді


Loading Video...

Бүгін ол туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық комитеті жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңестің 16-шы отырысында айтылды.

 

Кеңеске Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Республикасының министрлік басшылары қатысты. Отырыс барысында Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы әріптестікті нығайту мен ынтымақтастық үрдістерді дамыту жайы талқыланды. 2011-2013 жылдарға арналған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ұйымы басым бағыттардың дамуын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы мына мәселелер қаралды: Қоғамдастықтың Әлеуметтік даму индикаторы жүйесінің жобасы; Ұйымға мүше мемлекеттердің аймағында осы елдердің азаматтары жұмыс істеу кезінде өндірісте төтенше жағдайлардың орын алуы мен тергеу жүргізу тәртібі бойынша Келісімнің жобасы пысықталды. Кеңестің негізгі мақсаты – қоғамдастыққа мүше елдердің арасындағы әлеуметтік еңбек саласындағы өзгерістерден хабардар болу, тәжірибе алмасу және жаңа реформалар мен өзгерістерді келісім негізінде іске асыру. Бүгінгі таңда Ресейдің мыңға жуық азаматы Қазақстанда жұмыс істесе, Ресейде Қазақстанның 9 мыңнан аса азаматы жұмысқа тартылған.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қазақстан тарапы біздің елімізде өткен жылдан қабылданып, қазір іске асырылып жатқан жұмыспн қамтудың 2020 жылға дейінгі бағдарламамызбен таныстырып, пікір алмастық және бірқатар осы кеңестің аясындағы қаралатын құжаттарымыз бар еді, ол осы бес елдің аралсындағы өзара ақпарат алмау және салыстырмалы талдау жасау үшін әлеуметтік индикаторлардың жүйесі және де жазатайым жағдайлардағы зерттеу жүргізу тәртібі жөніндегі құжат. Сол құжаттар бүгін мақұлданып, тиісті шешеімдер қабылданды.

Темы мультимедия: 
Разделы:
Изменён 11 мая, 2012 - 12:16
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий