A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

памперс

Сәлеметсізбе!  Мен Оразмағанбетова Айнұр Отарбай қызы  мерзімсізге, өмірлікке тағайындалған  1 топ мүгедегімін. Маған мемлекет тарапынан жылына 480 дана  міндетті гигиеналық құралдар ( памперс ) беріледі. Айына 40 дана памперс беріледі. 1 айда орташа  30 күн бар деп есептегенде, мүгедекке бір күнге ( 40 дана памперс : 30 күн ) = 1, 33 памперстен тиісті болады екен. Мүгедектер ай сайынғы мемлекет тарапынан берілетін 40 памперстің жетіспеуі салдарынан, өз пенсиясына қосымша памперстер сатып алуға мұқтаж. Дәретін мүлдем сезбейтін мүгедекке бір күнге 1, 33 памперс қайдан жетсін. Мүгедек дәретке толған 1 памперсты  24 сағат бойына, яғни 1 күн бойы кие алмайды ғой. Өздеріңіз де осы жағдайды, дәретін сезбейтін  мүгедектің  орнына өздеріңізді қойып елестетіп көріңіздерші. Әйел адамның ай сайынғы, минимум 7 күн бойы келетін етеккірі бар, етеккір келген кезде памперс көп кетеді. Жан жақты тексеріп, мүгедектерге бір күнге кемінде 5 дана памперс берілу жағын қарастырсаңыздар жақсы болар еді. Бұл жалғыз менің ғана емес, барлық мүгедектердің жанайқайы. Осы мәселені шешіп берулеріңізді өтінемін. 

Ответ: 

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі.

«Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Қаулысына сәйкес қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмдерi міндеттi гигиеналық құралдарды берудi мүгедектің тегін, атын, әкесiнiң атын, зейнеткерлiк куәлігінің нөмiрiн, туған күнiн, тұрғылықты жерiн, алған міндетті гигиеналық құралдың атауын, алған күнiн, алғандығы белгiсiн көрсете отырып тiзiм бойынша жүргiзедi.  

Міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге өтініш жасалған айдан бастап беріледі. Табиғи физиологиялық мұқтаждар мен қажеттілiктердi қанағаттандыруға арналған мiндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге бiр жылға белгіленген мөлшерде берiледi: 1) тiрек-қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектермен - 480 дана; 2) несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар - 12 дана;  3) iшек ауруы бар мүгедектерге нәжiс қабылдағыштар - 12 дана. 

Осыған байланысты I және II топтағы мүгедек адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті жердің бюджет қаражаты есебінен міндетті гигиеналық құралдар мүгедектерге жергілікті жердің атқарушы органдарымен белгіленген мірізіміне  байланысты жүзеге  асырылады, бұдан басқа  протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо-тифло құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі.

Бұдан басқа, облыс, қала және аудан әкімдері, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген.

Осыған орай, аталған мәселелер бойынша, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау және әлеуметтік қорғау

Комитеті сарапшысы Ирахметов Самат

Номер вопроса: 303981
Изменён 27 марта, 2014 - 12:03
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Национальный план по обеспечению прав
Ящик идей
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
Новый национальный классификатор занятий