A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізу бойынша Елбасы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі ақпарат

      Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында  берілген тапсырмасына сәйкес Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін әзірлеу мен енгізу қажет.

     Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы №733 Жарлығымен бекітілген, Елбасының Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) енгізілді.

    Жоспарды іске асыру мақсатында Министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп, қажетті зерттеулерді жүргізгеннен кейін азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің жобасын  әзірледі.

    Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында аталған жобаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенова мүдделі мемлекеттік органдардың Жауапты хатшылары мен Вице-министрлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіхалықовада өткен кеңесте таныстырды, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, орталық мемлекеттік органдарға және облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне Жоспарда қарастырылған іс-шараларды уақытында іске асыруды қамтамасыз ету үшін тиісті тапсырмалар берілді.

      Аталған кеңес Хаттамасының 2.1-тармағын орындау үшін, Министрлік ағымдағы жылдың 20 ақпанында бекітілген кестеге сәйкес қарамағында азаматтық қызметшілері бар, әр түрлі салада уәкілетті болып табылатын 22 орталық мемлекеттік органның жауапты қызметкерлеріне оқыту жүргізді.

    Барлық орталық мемлекеттік органдар және салалық кәсіподақ мүшелерінің қатысумен бірлесіп оқыту өткізілгеннен кейін әр салада жаңа модельдің негізгі компаненттерін анықтау  бойынша жұмыс жүргізілді, атап айтқанда, Азаматтық қызметшілер лауазымдарының жаңа тізілімінің жобасы қалыптастырылды, еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар төлеудің қолданыстағы жүйесі оңтайландырылды.

     Өз кезегінде, орталық мемлекеттік органдар Министрлік қызметкерлерінің көмегімен тиісті саладағы жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың тікелей қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерін азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне оқыту бойынша жұмыстар жүргізді.

     Сондай-ақ, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдар мен облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп қажетті қаржы-экономикалық есептер жүргізді, нәтижесінде 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізуге қажетті бюджет қаражаттарының қосымша қажеттілігі айқындалды.

      Қазіргі уақытта Министрлік азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізуге қажетті нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

     Атап айтқанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті қызмет салалары бойынша Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін әзірлеу және еңбек саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекіту бойынша құзыреттерін бекіту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы»  Қазақстан  Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы Заңымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне қажетті түзетулер енгізілді.

     Бұдан басқа, ««Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 5 тамыздағы № 112-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес  Министрлікпен ««Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

     Қазіргі уақытта аталған қаулының жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сараптамаға, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдарға қарау және келісу үшін жіберілді.

Изменён 22 сентября, 2014 - 10:43
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий