A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

ВАКЦИНАНЫҢ ЗАРДАБЫ

Тема вопроса: 

менің балам Жұбанышова Меруерт Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 2 курс студенті. Грант бөлімінде оқиды. Университет емханасынан (корь) қызылшаға қарсы вакцина алған ,желтоқсан айында оған вакцина егем деген бірақ балам қарсы болды,бірақ олар қоярда қоймай сабаққа қатыстырмаймын,жатақханаға кіргізбеймін деп айтқан. Содан балам қорыққанынан 3ақпан күні вакцина алған. Вакцинадан кейін баламның жағдайы нашарлап бас аяғы 1 аптаның ішінде үсті басына аллергия қаптап кетті. Содан 12 ақпанда мен Ақтөбеге барып кешкісін жедел жәрдем шақырдым. Олар салқыннан болған деп аллергия басатын укол салып ,ертеңгісін емханаға бар деді. Балам 13-16 ақпанға дейін университет емханасынан ем алды. Сол аралықта балам қалада жалғыз болғандықтан ауылға Шалқарға алдырдым. 17 ақпанмен 3 наурыз аралығында емханадан амбулаторлық ем алдық. Бірақ баламның беті бері қарамады. 4 наурызбен 11 наурыз аралығында ауруханаға жатты. Оданда нәтиже болмағандықтан біз Ақтөбедегі теміржол ауруханасынын аллергия бөліміне жатқыздық. Ол жақта барлық анализдерін алды сол кезде красная волчанка анализінен  оң нәтиже берді. Олар бірден квотамен Алматыға НИИ Кардиологий и внутренных болезней деген жерге жіберді. 19наурызда әкесі екеуі Алматыға ұшақпен ұшты. Енді сол Алматыда жатқанынада 16 күн болды ,бүгін сәуірдің 3-і. Осы күндер аралығында оларда қандай диагноз екенін таба алмай жатыр. Бүгін емдеуші дәрігер Бағжан Берікқызымен сөйлескенде ревмотическая лихорадка екенін айтты. Бұрын соңды ешқандайда аурумен ауырмаған бала . Олардың айтуынша вакцинадан емес бала өзі салқын тигізгеннен ауырған дейді. Сонда балам 2 айдан бері ауырып жатыр. Сонда бұған кінәлі кім? Жауап берулеріңізді сұраймын!

Ответ: 

Сіз қойып отырған сұрақ бойнша ақпаратты алу үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат» айдарында сұрақ қоюыңыз қажет.

К. Суханова

Номер вопроса: 325784
Изменён 10 апреля, 2015 - 16:46
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий