A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

"ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы №801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы                    № 801 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесі» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрыққа  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 7 жинағында 2010 жылы,  Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің № 9 бюллетенінде, 38-б. 2010 жылы жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Тегiн медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде:

2 тармақта:

1) – 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі) – құрамында АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, «Бекітілген халық тіркелімі» порталында (бұдан әрі – «БХТ» порталы) тіркелген, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің құны;

2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;

3) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі –КЖНЫК) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  29 мамырдағы  № 429  бұйрығымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелді)  айқындалған тәртіпте қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;

4) АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі – түзету коэффициенттерін есепке алмай, уәкілетті орган айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;

5) онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф – онкогематологиялық науқастарды қоспағанда (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа), ОНЭТ-те тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтері кешенінің құны;

5-1) онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі - ОНЭТ) – деректері ТМККК орналастыру және оған ақы төлеу кезінде қолданылатын онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

6) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен КЖНЫК бар, «БХТ» порталында, аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісіне тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтері кешенінің құны;

7) ауыл халқына арналған кешенді жан басына нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;»;

8) тармақша алынып тасталсын;

14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«14) шығын сыйымдылығы коэффициенті –КШТ-ның базалық ставка құнына шығындылық дәрежесін айқындайтын коэффициент;»;

16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) тарификатор – Денсуалық туралы кодекстің 35-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен құны көрсетілген медициналық қызметтердің бірыңғай тізбесі;»;

20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«20) түзету коэффициенттері – осы Әдістемеге сәйкес тарифті түзету мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қолданатын коэффициенттер;

21) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - ДСБ).»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ТМККК көрсететін денаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы                   18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалды.

3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тарифтерді бекітеді.»;

4-тармақтың 8) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:

«8) басқа қызметтерге: ғаламторды қоса, байланыс қызметтеріне, іссапарлық шығыстарға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жайды жалға алуға, кеңсе, шаруашылық және жанар-жағармай тауарларын сатып алуға, басқа тауарлар мен қызметтерге, сервистік қызмет көрсетуге, банк қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындарды қамтиды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. ТМККК медициналық қызметтеріне арналған тарифтер мыналарды қамтымайды:

          1) мемлекеттік кәсіпорындарға жергілікті өкілді орган шешімінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін, Тарифтерді қалыптасыру әдістемесіне сәйкес уәкілетті орган айқындаған тариф құрылымында көзделген шығыстар деңгейінен жоғары коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған нормадан артық шығыстарды;

            2)  мыналардан:

            «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АҚ) ТМККК көрсететін еншілес ұйымдарына пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде құны бес миллион теңгеден артық тұратын негізгі қаражатты жаңартуға арналған шығыстардан;

             осы Қағидалардың 2-кіші бөлімінің 8-параграфына сәйкес өтелетін,

мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ТМККК көрсететін ұйымдардыңжәне дауыс беру акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің қаржы лизингі шарттарында лизинг төлемдерін төлеуге арналған шығыстардан;

             тарифке қосылған құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуға арналған шығыстардан басқа күрделі шығыстарды қоспағанда ТМККК көрсететін ұйымдарға ТМККК көрсету бойынша қызметіне байланысты шығындар өтеледі. Бұл ретте, ТМККК көрсететін ұйымдар осы шығыстарды қалыптасқан үнемдеуден қаражаттар есебінен ағымдағы қаржы жылында кредиторлық берешегі болмаған жағдайда жүзеге асырады, бірақ

сомасы ТМККК көрсетуге арналған шарт сомасынан 1 %-дан аспауы тиіс.

рентабельділік пен пайда.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті осы Әдістеменің 4 және 5-тармақтарына сәйкес Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалған қызметтер тізбесі бойынша ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенін көрсету бойынша МСАК субъектісінің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.»;

10-тармақтын 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) іссапарлық шығыстарды қоса, есепті кезеңдегі МСАК субъектісі бойынша алынған ЖБНЫК сомасынан 5 %-дан кем емес  МСАК субъектісі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға арналған шығындарды қамтиды.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. КЖНЫК қаражатының есебінен ынталандыру қолданылатын МСАК субъектісі қызметкерлерінің тізбесі № 429 бұйрыққа сәйкес айқындалады.»;

13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. МСАК субъектілері үшін айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

КЖШНМСАК = КЖШНкепіл.АЕК + Sжбнык, мұндағы

 

КЖШНМСАК – айына «БХТ» порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативі;

Sжбнык – айына «БХТ» порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ЖБНЫК сомасы;

КЖШНкепіл.АЕК – айына «БХТ» порталында тіркелген МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

 

КЖШНкепіл.АЕК = КЖШНбаз.МСАК х ЖЖКМСАК+ КЖШНбаз.МСАК х (Кобл.тығыз.–1) + КЖШНбаз.МСАК х (Кобл.жылу–1) + Vэкол_мсак / СМСАК / m,      мұндағы

 

ЖЖКМСАК – МСАК субъектісі бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

ЖЖКМСАК = (СМСАКk/n х ЖЖКМСАК(n))/ СМСАК, мұндағы

 

СМСАК – «БХТ» порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

СМСАК k/n – «БХТ» порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны n нөмірлі жыныстық-жастық топқа түсетін халықтың k нөмірі;

ЖЖКМСАК(n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылындағы АЕК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын «БХТ» порталы базасындағы халық бойынша деректердің негізінде айқындалады.
      КЖШНбаз.МСАК – түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, барлық МСАК субъектілері үшін алдағы қаржы жылына Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

КЖШНбаз.МСАК = КЖШНбаз.АЕК(қр)КЖШНбаз.АЕК(қр) х %КДК      , мұндағы

 

КПНбаз.АЕК(қр) - түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, уәкілетті орган айқындайтын айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

КЖШНбаз.АЕК     (КЖШНАЕК(қр). – Sжбнык) , мұндағы
ЖЖКқр+(Кқр.тығыз–1) +( Кобл.жылу–1) +( Кауыл.жылу–1)

 

ЖЖКқр.– БХТ порталы деректерінің негізінде ел халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша есептелген ел деңгейінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

КЖШНАЕК_(қр) – алдағы қаржы жылына арналған ел бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК орташа кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

 

КЖШНАЕК (қр)_= (VАЕК-қр – Vкжнык-қр- Vэкол.қр)/Сқр/m, мұндағы

 

 

VАЕК(қр) –халыққа АЕК көрсету үшін ел бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

Vкжнык-қр  –республика бойынша КЖНЫК-қареспубликалық бюджеттен бөлінген  қаражаттың жылдық көлемі;

 Vэкол_қала – «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) және «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (бұдан әрі – ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектілеріне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

Сқр – халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күніндегі ахуал бойынша «БХТ» порталында тіркелген, барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халықтың саны;

m – МСАК субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

%КДК – шығыстары Денсуалық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшсына сәйкес айқындалған қызметтер тізбесіне сәйкес МСАК субъектілері үшін VАЕК(қр)-ға АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған ТМККК шеңберінде МСАК субъектілеріне бектілген халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетуге арналған қаражат үлесі;

Ктығызд.обл. – ел бойынша халықтың орташа тығыздылық коэффициенті;

Кжылу.обл.– ел бойынша жылыту маусымы ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті; 

Кауыл.обл. – ел бойынша ауыл аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемелерді есепке алудың орташа коэффициенті;

Vэкол_мсак – «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) және «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» (бұдан әрі – ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектісіне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

m – МСАК субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

Кобл.тығыз. – осы облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Кобл.тығыз. = 1 + С х ТҚР хал/орта обл.хал. , мұндағы

 

С – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халқы тығыздығының орташа республикалық деңгейден немесе аудандардардың халқы тығыздығының (облыстық маңызы бар қалалардың) орташа облыстық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ (Пирсон сызықтық коррелияциясының коэффицицентін есептеу бойынша);

ТҚР хал/орта – кезеңдегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі – Статистика агенттігі) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы;
      Тобл.хал. – кезеңдегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы) халықтың тығыздығы.

Кобл. жылу – облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Кобл. жылу = 1 + Үжылу х обл. – КҚР/орта. ), мұндағы
КҚР/орта.

 

Үжылу – өткен жылы облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жылу беруге арналған шығындардың үлесі;

Кобл. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылу беру маусымының кезеңі;

КҚР/орта – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылу беру маусымының кезеңі.»;

17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу    қызметтер көрсету стандартына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық қызметтердің тарификаторына сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде бір консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге арналған тариф (орташа есеп айырысу құны) бойынша жүзеге асырылады.»;

18 және 19 тармақтар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:

«20-1. түзету коэффициенттерін есепке ала отырып есептелген бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа құнын есептеу  мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Скдқ_i-РР = Скдқ_i-Р_n+ Скдқ_i-Р_n х(K1-1)+…+ Скдқ_i-Р_n х (Kn-1)), мұндағы:

Скдқ_i-РР –қызметтер көрсету стандартына сәйкес тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісінің негізінде түзету коэффициенттерін есепке ала отырып есептелген n  түріндегі бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа құны;

K1, Kn –Бюджеттік әкімші консультациялық-диагностикалық қызмет құнын түзету мақсатында ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін,  Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына және  ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апат аймақтарында жұмыс істеген үшін үстемақаны төлеуге арналған шығыстарды есепке ала отырып жылыту маусымының ұзақтығы және басқа коэффициенттер үшін қолданатын түзету коэффициенттері.»;

21 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Тікелей және жанама (үстеме) шығыстарды айқындау әдісі негізінде есептелеген, бір консультациялық-диагностикалық қызметтің орташа есеп айрысу құны бойынша ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектісін қаржыландыру көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

Vкдқ_ i-Р = Чкдқ_i-1 хСкдқ_i-РР_1 + Чкдқ_i-n х Скдқ_i-РР_n , мұндағы:

Vкдқ_ i-Р – жоспарлы немесе есепті кезеңге арналған ТМККК шеңберінде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін шығыстарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі;

Скдқ_i-1, Скдқ_i-n – жоспарлы немесе есепті кезеңге арналған консультациялық-диагностикалық қызметтердің n түрінің саны;»;

35 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«35. Денсаулық туралы кодекстің 7-бабының 1-тармағының 81) тармақшасына сәйкес айқындалатын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша ТМККК қызметтерінің кешенін көрсететін аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілеріне (бұдан әрі – ауылдың субъектісі) қаржыландыру көлемін айқындау үшін тариф болып ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы тариф табылады.»;

37 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінің мөлшері бюджеттік бағдарлманың әкімшісі бекітетін медициналық көмектің нысандары (МСАК, КДК, жедел медициналық көмек, стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек) бойынша ауыл субъектілерінің құрылымына байланысты белгіленеді.»;

39 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Айына ауыл субъектілері үшін ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

 

КЖШНауыл = КЖШНауыл кепіл. + Sжбнык, мұндағы

 

КЖШНауыл – айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив;

Sжбнык – айына «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ЖБНЫК сомасы;

КЖШНауыл кепіл. – айына «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

 

КЖШНауыл кепіл.= (КЖШНмсак баз.х ЖЖКауыл+ КЖШНмсак баз.х (Кобл.тығыз–1) + КЖШНмсак баз х (Кобл.жылу–1)+ КЖШНмсак баз. х(Кобл.ауыл-1)) х Кауыл субъектісі + V ауыл _ экол / Сауыл / m + (Vск/сат_ауыл /Сауыл/m) х Кауылсубъектісі + Vммк_ауыл /Сауыл/m, мұндағы

 

КПНбаз.МСАК –Осы Әдістеменің 13-тармағына сәйкес айқындалатын түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, барлық ауыл субъектілері үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив;

Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);

V ауыл _жмк – ауыл субъектісі үшін бекітілген ауыл халқына жедел медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі.

ЖЖКауыл – ауыл субъектісі бойынша халықтың МСАК-ты тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

ЖЖКауыл = (Сауыл k/n х ЖЖКауыл (n))/ Сауыл, мұндағы

 

Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны немесе «БХТ» порталында тіркелген, МСАК көрсетпейтін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны);

Сауыл k/n – «БХТ» порталында тіркелген, ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны, n нөмірлі жыныстық-жастық топқа түсетін халықтың k нөмірі;

ЖЖКауыл (n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топ халқының медициналық қызметтер тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

Ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты еркін бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша «БХТ» порталының базасындағы халық жөніндегі деректердің негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылы ауыл халқына ТМККК қызметтерінің кешенін көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

КЖШН обл.ауыл баз. – барлық ауыл субъектілері үшін облыс аумағында бірыңғай болып табылатын, түзету коэффициенттерін есепке алмай айқындалған, айына «БХТ» порталында тіркелген бір бекітілген ауыл тұрғынына шаққандағы ауыл халқына арналған базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

КЖШНобл.ауыл баз.=       (КЖШНауыл_обл. – Sжбнык) , мұндағы
ЖЖКобл.ауыл+(Кобл. тығыз.–1) +(Кобл. жылу–1) + (К ауыл обл. –1)

 

ЖЖКобл.ауыл – облыстың ауыл субъектілерінің деректері негізінде есептелген осы облыс деңгейінде халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

Кобл. тығыз. – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын осы облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша халық тығыздығының коэффициенті;
 

Кобл. жылу – осы Әдістеменің 13-тармағына ұқсас формула бойынша айқындалатын облыс (республикалық маңызы бар қала мен астана) үшін жылу беру маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстеме ақыны есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Кауыл.обл. = 1+0,25 х (Сауыл/ Собл. х ЛАауыл), мұндағы

 

ЛАауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі лауазымдық айлық бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындардың үлесі.

Республикалық маңызы бар қала мен астана үшін ауылдық елді мекенде жұмыс істегені үшін үстеме ақыны есепке алу коэффициенті 1,0-ге тең.

КЖШНауыл_обл. – алдағы қаржы жылына нақты облыстың ауыл субъектілері бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы ауыл халқына арналған орташа кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

Vммк_ауыл –алдағы қаржы жылына бекітілген халыққа жедел медициналық көмек көрсетуге арналған ауыл субъектісі үшін қаражаттың жылдық көлемі;

Vэкол_ауыл – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы мен СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, ауыл субъектілеріне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген жылдық қаражаттың көлемі;

Vск/сат_ауыл –бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге арналған ауыл субъектісі үшін қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

Vск/сат_ауыл = Vск/сат_ауыл/обл. / ПС ск/сат_ауыл/обл. х ПС ск/сат_ауыл, мұндағы: 

 

Vск/сат_ауыл/обл – алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі;

ПС ск/сат_ауыл/обл.- алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде облыс бойынша жоспарланатын емделіп шығу жағдайларының саны, ол емделіп шығу сомасы (ПС ск/сат_ауыл) ретінде барлық ауыл субъектілері бойынша айқындалады;

ПС ск/сат_ауыл –алдағы қаржы жылына бекітілген халыққа стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ауыл субъектісі бойынша жоспарланатын емделіп шығу жағдайларының саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

 

ПС ск/сат_ауыл = ПС ск/ауыл + ПС ск/ауыл х %темпск/ауыл + ПС сат/ауыл + ПС сат/ауыл х %қарқынсат/ауыл, мұндағы:

 

ПС ск/ауыл – өткен жыл үшін бектіліген халық арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген  ауыл субъектісі емдеп шыққан жағдайлар саны;

ПС сат/ауыл –өткен жыл үшін бектіліген ауыл халқы арасында стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек нысандарында мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген  ауыл субъектісі емдеп шыққан жағдайлар саны;

%темпсп/село, %темпсзт/село - пайызда көрсетілген алдағы қаржы жылына тиісті жоспарланатын стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің өсу немесе төмендеу қарқыны;

m – ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;»;

4-қосымшаның № 2 кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«№ 2 кесте. АХЖ-10 кодтары мен «Белгіленген бактерия шығаратын өкпе туберкулезін уақтылы диагностикалау» индикаторларын есептеу кезінде есепке алынатын аурулар үшін Туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімі бойынша диагноз кодтарының тізбесі:

            Іріктеу параметрлері:

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы «23» қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген «Туберкулезбен науқас адамның медициналық картасы» деген ТА 01 немесе «IV санаттағы туберкулезбен науқас адамның медициналық картасы» ТА 01 IV санаты ТА01 «науқас түрі» - жаңа жағдай және «орналасу» нысанында графаларды толтырған жағдайда – өкпелік немсе өкпелік, оның ішінде өкпеден тыспен бірлескен.

  1. осы индикатордың алымында:

 

р/с

Туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімі бойынша кодтың диагнозы

Аурулардың АХЖ-10  бойынша атауы

АХЖ-10 коды

01

Бактерия бөлетін алғашқы туберкулезді комплекс

Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған, тыныс алу ағзаларының алғашқы туберкулезі

A15.7

05

Жайылған жіті бактерия бөлетін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

11

Бактерия бөлетін ошақталған өкпе ТБ

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

13

Бактерия бөлетін инфильтративтік өкпе туберкулезі

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

17

Бактерия бөлетін каверноздық өкпе туберкулезі

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

 

 

№ 2 кесте

      2) Осы индикатордың бөлімінде:

 

№ р/с

Туберкулезбен ауыратын науқастардың тіркелімі бойынша кодтың диагнозы

Аурулардың АХЖ-10 бойынша атауы

АХЖ-10 коды

 

01

Бактерия бөлетін алғашқы туберкулезді комплекс

Бактериологиялық жəне гистологиялық тұрғыдан расталған, тыныс алу ағзаларының алғашқы туберкулезі

A15.7

 

02

Бактериясыз бөлетін алғашқы туберкулезді комплекс

Бактериологиялық немесе гистологиялық расталуы ескертілмеген тыныс алу ағзаларының алғашқы туберкулезі

A16.7

 

 

 

 

 

05

Жайылған жіті бактерия бөлетін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

06

Жайылған жіті бактерия бөлмейтін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

07

Жайылған жітіалды бактерия бөлетін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

08

Жайылған жітіалды бактерия бөлмейтін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

09

Жайылған созылмалы бактерия бөлетін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

10

Жайылған созылмалы бактерия бөлмейтін өкпе ТБ

Анықталған, бір орында орналасқан миллиарлы туберкулез

А19.0

11

Бактерия бөлетін ошақталған өкпе ТБ

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

12

Бактерия бөлмейтін ошақталған өкпе ТБ

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

13

Бактерия бөлетін инфильтративтік өкпе туберкулезі

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

14

Бактерия бөлмейтін инфильтративтік өкпе туберкулезі

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

15

Бактерия бөлетін казеоздық пневмония

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

16

Бактеряасыз казеоздық пневмония

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

17

Бактерия бөлетін өкпе туберкуломасы

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

18

Бактерия бөлмейтін өкпе туберкуломасы

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

19

Бактерия бөлетін кавернозды өкпе ТБ

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

20

Бактериясыз кавернозды өкпе ТБ

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

21

Бактериясыз фиброзды-кавернозды өкпе ТБ

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

22

Бактериясыз фиброзды-кавернозды өкпе ТБ

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

23

Бактерия бөлетін цирротикалық өкпе ТБ

Культураның өсуінің болуы немесе болмауы бактериоскопиялық тұрғыдан расталған өкпе туберкулезі

А15.0

24

Бактерия бөлмейтін цирротикалық өкпе ТБ

Теріс нəтижелі бактериологиялық жəне гистологиялық зерттеулер барысындағы өкпе туберкулезі

A16.0

 

 

 

 

 

28

Милиарлы ТБ

Милиарлы туберкулез

А 19

29

Анықталған, бір орында орналасқан жіті миллиарлы туберкулез

Анықталған, бір орында орналасқан жіті миллиарлы туберкулез

А 19.0

30

Көп орында орналасқан жіті миллиарлы туберкулез

Көп орында орналасқан миллиарлы ушыққан туберкулез

A19.1

31

Орны анықталмаған, жіті миллиарлы туберкулез

Орны анықталмаған, миллиарлы ушыққан туберкулез

A19.2

32

Миллиарлы туберкулездің басқа пішіндері

Миллиарлы туберкулездің басқа пішіндері

A19.8

33

Орналасу орны анықталмаған миллиарлы туберкулез

Орналасу орны анықталмаған миллиарлы туберкулез

А19.9

 

 

 

 

           
 

 

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде  ресми жариялауға жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрықты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2)  және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші           вице-министрі  С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

4. Осы  бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі                                                       Т. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Изменён 6 октября, 2015 - 12:45
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Национальный план по обеспечению прав
Ящик идей
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий