A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Этникалық көші-қон туралы ақпарат

Этникалық көші-қон туралы ақпарат

 

2015 жылдың 1 тоқсанындағы жағдай бойынша 1991 жылдан бастап халықтың жалпы санының 5,5% құрайтын 259 539 мың отбасы немесе 953 908 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.  

Оралмандардың көбі - 61,5% Өзбекстаннан көшіп келді, 14,3% Қытай, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8%  - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден және 3,5% - басқа елдерден келгендер.     

Оралмандардың шыққан елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың ең көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан - 23,2%, Алматы – 20,2%, Маңғыстау – 12,7%, Жамбыл облыстарына– 7,4% және өзге өңірлерге – 36,5% қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 55,6%, 18 жасқа дейінгі балалар – 39,9 % және зейнеткерлер – 4,5 %-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 8,7%-ң жоғарғы білімі, 20,6%-ң арнайы орта білімі, 60,8%-ң жалпы орта білімі бар, 9,9%-ң білімі жоқ.  

Оның ішінде 2015 жылдың 1 тоқсанында республикаға 380 отбасы және 1026 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.   

         Оралмандардың көбісі – 80,8% Өзбекстаннан көшіп келді, 3,9% - ҚХР-нан, 5,5% - Түркіменстаннан, 4,0% - Моңғолиядан, 2,4% - Ресейден және 3,4% -  өзге елдерден келгендер.

         Оралмандардың шыққан елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың ең көп бөлігі: Маңғыстау – 39 отбасы (159 адам)., ОҚО – 46 отбасы (124 адам)., Жамбыл – 73 отбасы (199 адам).,Қостанай – 94 отбасы (233 адам)., ШҚО – 12 отбасы (30 адам)., Алматы – 1 отбасы (2 адам)., Атырау – 16 отбасы (38 адам)., Павлодар – 18 отбасы (40 адам)., Ақмола – 31 отбасы (68 адам)., Ақтөбе – 10 отбасы (50 адам)., СҚО – 5 отбасы (15 адам)., БҚО – 5 отбасы (11 адам)., Қарағанды – 27 отбасы (54 адам) және Қызылорда облыстарына – 3 отбасы (3 адам) қоныстанды.  

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 60,0%, 18 жасқа дейінгі балалар – 33,7% және зейнеткерлер – 6,3 %-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 15,9%-ң жоғарғы білімі, 34,4%-ң арнайы орта білімі, 48,0%-ң жалпы орта білімі бар, 1,7%-ң білімі жоқ.

Изменён 4 сентября, 2015 - 15:50
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Национальный план по обеспечению прав
Ящик идей
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий