A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді – адам  денсаулығының сақшылары деп санаймыз. Осы ерекше күнде Сіздерге деген жылы тілегімізді айтып, ыстық ықыласымызды білдіргім келеді. Сіздердің мерекелеріңізге ең әдемі гүлдерді, ең мейірімді құшақты, ең аялы алақанды, шын ниеттен шыққан алғысты  тарту етсек дейміз.

Шын жүректен қабыл алыңыздар!

Біз әрқашан да сіздердің тараптарыңыздан мейірім, шапағат, жанашырлық, адамгершілік, имандылықты сезініп жүреміз. Сіздер қай кезде де жанымыздан табыласыздар. Сіздердің ізгі көмектеріңіздің арқасында дертімізге дауа, жанымызға шипа тауып жатамыз. Жан жылуымен де, құдіретті қолдарыңызбен де емдеп жібересіздер, сондықтан біз жұмысқа алаңсыз қайтадан кірісеміз.

Аяқтан тік тұрып  көп сағаттық операциялар өткізесіздер, ұйқы көрмей  жүретін кезекшілік түндерінде еш реніш білдірмей, адам жанына ем болатын сөз тауып айта аласыздар. Науқастың ауруын емдеу, өміріне араша түсіп, жанына жалау болу  – адамның өмірін сақтап қалу жолындағы, біз біле бермейтін, бірақ сіздер күнде бастан кешіп жүрген ауыр да қастерлі еңбек.

Сондықтан бүгінгі мереке сіздердің жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, аянбай еткен еңбектеріңіздің барша жұртшылық тарапынан бағаланатын күні деп ойлаймын. 

Мүмкіндікті пайдаланып, қиын  да  қастерлі  қызмет саналатын салада  аянбай  еңбек етіп келе жатқан сіздердің алдарыңызда бас иіп, ризашылығымды білдіремін.

Мерекелеріңізбен, құрметті медицина қызметкерлері: дәрігерлер мен мейірбикелер, фельдшерлер мен провизорлар, зертханашылар мен санитарлар!

Дендеріңіз сау,  отбасыларыңыз аман болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан
Дариға Назарбаева

Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий