A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Мүгедектерге арналған инвомашина туралы

Қайырлы күн! 

Мен сіздерге 350629 нөмерімен хабарласқан болатынмын. Сіздер маған "Қазақстан Республикасының өңірлерінде жүріп-тұруында қиындықтары бар азаматтарға қызмет көрсету үшін инватакси қызметін ұсыну жергілікті атқарушы органдары және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған орай, Сіздің көтерген мәселеңіз бойынша тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына хабарласуыңыз қажет." деп жауап бердіңіздер. Менің сұрағым басқа болатын. Мен Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталықтарын арнайы машиналармен қамтамасыз етулеріңізді сұраған болатынмын. Рахмет. 

Ответ: 

Сіздің көтеріп отырған сауалыңыз жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілетіндіктен Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) сұраныс хат жолданды.
Басқарманың ақпараты бойынша Сіздің ұлыңыз Бейбарыс «Алматы қаласы психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығы» КММ-де 2017 жылдың 25 шілдесінен бастап қызмет алған. 2018 жылдың 1 тамызынан бастап ұлыңыз №3 бөлімшесіне ауыстырылған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметі ұсынылады.
Алайда, қазіргі уақытта №3 бөлімшенің тасымалдау көлігінің істен шығуына байланысты қызмет алушыларға тасымалдау қызметін көрсетуге мүмкіндігі болмай отыр.
Осы орайда, аталған мәселе бойынша тұрғылықты жеріңіздегі Басқармаға хабарласуыңыз қажет.

Номер вопроса: 350885
Изменён 17 августа, 2018 - 19:48
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий