A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Зейнеткерлік жасына байланысты

Менің арыз беру себебім, 2018 жылдың 29 маусымында жасым 58-ге толдым. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың 29 желтоқсанында 58,5 жасқа толдым. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты зейнеткерлікке шығу жасы 2019 жылы 1 қаңтардан бастап 59 жас деп белгіленген. Менің зейнеткерлікке шығу жасым жылдың соңғы жұмыс күніне келді. 2019 жылдың 4 қаңтар күні "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген уақытымда зейнеткерлік жасқа жетпедіңіз (59 жасқа толмады) деп құжаттарымды қабылдамады.Зейнет жасына толған бірақ әр түрлі себептермен (ауырып қалу, іс-сапарда болу, оқыс оқиғалар, жылдың соңғы күнінде зейнеткерлік жасқа толу мысалы 2018 жылдың 31 желтоқсанында 58,5 жасқа толса т.б.) құжаттарын тапсыруға мүмкіндігі болмаса қандай шара қолданады. Қазіргі таңда жұмыстан 2018 жылы 29 желтоқсанында зейнеткерлікке шығуыма байланысты босатылдым. Ай сайынғы төленетін несием бар. Осыған байланысты 6 ай бойы зейнетақым да жұмысымда жоқ. Бұл менің жеке құқығымды бұзып тұрған жоқ па? Қай заңның, қай бабының, қай тармағында 2018 жылдың 29 желтоқсанында 58,5 жасқа толған адамның құжаттарын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылданбайды деген норма бар. "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 10 бабына сәйкес (өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс) жауап беруіңізді сұраймын.

Ответ: 

Құрметті Асия Сайлауовна, сәлеметсіз бе!

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініш Мемлекеттік корпорациясы арқылы қабылданады.
Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен құжаттар зейнетақы жасына толғанға дейін 10 күн қалғанда қабылданады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларының 20 тармағына сәйкес алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілін дұрыс толтырылуын тексереді.
Азаматтың жеке түрде арыздануға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ол сенімхат арқылы басқа тұлғаларды арыздануға уәкілетті етеді.
Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы (бұдан әрі - Заң) 2-тармағы 18 бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттар Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күн жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн деп есептеледі.
Қолданыстағы заңнама негізінде әйелдерге 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады (Заңның 11 бабы).
Осыған орай, зейнетақы төлемдерін тағайындауға уақытында Сізден өтініш түспеуіне байланысты, зейнетақы төлемдері 59 жасқа толғанда тағайындалады.

Номер вопроса: 358025
Изменён 24 января, 2019 - 18:57
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Национальный план по обеспечению прав
Ящик идей
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий