A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

Мүгедектерді оңалту

Құрметті Мәдина Ерасылқызы !

Сізден сұрайын дегенім, 1. Мүгедектің тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйге кіріп шығуына, жуынатын бөлме, әжетхана орнатып, мүгедекке ыңғайлы бейімдеу жұмыстарын "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы" арқылы жалпы мүгедектерге жасалады ма?

2. Аталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрыққа сәйкес тұрғын үй мүгедектің өз атында болуы керек пе? Мүгедек, ағайын туыстары болмаса өз ұлының үйінде тұрса бүйімдеу жұмыстары жүргізіледі ме?  Өте шұғыл болғандықтан шұғыл түрде жауап беруіңізді сұранамын. Алдын-ала рахмет

Ответ: 

Құрметті Ерлан Әшімханұлы!

«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәртібін реттейді. Мүгедектер үшін тұрғын үй-жайларды бейімдеу мәселелері аталған бұйрық шеңберінде қаралмайды.
Жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерге немесе құрамында мүгедектер бар отбасыларға берiлетiн тұрғын үй-жайларды арнайы құралдармен және жабдықпен жабдықтауға құзыреттілігі туралы норма «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында (26-бап) көрсетілген.
Сонымен бірге, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады.

Номер вопроса: 358199
Изменён 4 февраля, 2019 - 17:30
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Проверка статуса
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий