A A A
Перейти к содержимому

Вы здесь

комиссия торагасы

Құрметті Бердібек Машбекович!

«Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығының 2-тарауы 4- тармағында «Комиссияның құрамына МӘМ-нің басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) (бұдан әрі – уәкілетті орган) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, МӘМ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.» - делінген.  Мекемемізде директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары және директордың әкімшілік – шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары бар.

 Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес комиссия төрағасына әлеуметтік мекеме екендігін ескере отырып, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарын тағайындау қаншалықты заңды?

Ответ: 

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидасының (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 24 ақпандағы № 139 бұйрығы) 4-тармағына сәйкес комиссияның құрамына медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) басшысы немесе оның орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), медициналық бөлімшенің меңгерушісі, бухгалтер, диеталық тамақтану жөніндегі мейірбике, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы кіреді.
Өз кезегінде, комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды пайдалануға арналған комиссия төрағасына директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарын сайлау комиссия мүшелерінің қатарында болған жағдайда сайлана алады деп пайымдаймыз.

Номер вопроса: 361935
Изменён 18 июля, 2019 - 19:15
Достижения за годы независимости РК
Адресная социальная помощь
Онлайн калькулятор по исчислению АСП
Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане
Республиканский конкурс «Еңбек жолы»
Развитие трудовых навыков и стимулирование рабочих мест
НСК
Новый национальный классификатор занятий